Шығыс Қазақсандағы Бақты кеден бекетінде 85 дана қымбат ішік тәркіленді. Әрқайсының құны 150 мың теңгеден асатын киімдерді ағайынды екі жігіт қарапайым қол жүгі ретінде ешбір кедендік рәсімдеусіз алып өтпек болған.
Кеденшілер олардың сөмкелерін ақтара келе, әйелдердің көз жауын алатын қыстық киімдердің небір түрін шығарды. Тондар қаракүзен, суыр, түлкі сияқты аңдардың бүтін терілерінен тігілген. Сөйтіп саудагерлер 2 жарым млн теңге кедендік төлемнен жалтармақ болған. Сондай-ақ Өскеменде тағы бір ірі контрадандисттің жолы кесілді. Еліміздің өзен-көлдерінде қолданауға мүлдем тыйым салынған балық аулау құралын сатумен айналысқан Қытай азаматы ұсталды. Қаладағы қонақүйлердің бірінде отбасымен тұрып жатқан қытайлық қойма жалдап, оның ішін жіңішке нейлонды ауға толтырып тастапты. Қытай азаматынан жалпы құны 40 млн теңгеге тартатын 20 мың тор тәркіленді.
Эльмира Ахметова
Ktk телеарнасы
Пікір қалдыру