Youtube желісінде ТУТ КАЗАХСТАН деген қолданушы «Әке көрген оқ жонар» деген тақырыппен екі-үш жасар ұл баланың шылым шегіп тұрған видеосын жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Видеода баланың үш аяқты велосипед жанында шылым шегіп, шырт-шырт түкіріп тұрғаны анық көрінеді. Оң-солын танымайтын баланың бұл қылығы үлкендерден көргенін қайталау екені де ащы да болса - шындық.