С. ХОКИНГ: АДАМЗАТ ӨМІР СҮРЕРЛІК БАСҚА ҒАЛАМШАР ТАППАСА, ТАҒЫ МЫҢ ЖЫЛ ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ

/uploads/thumbnail/20170709160244108_small.jpg

Астрофизик Стивен Хокинг адамзат баласының болашағы қараңғы екенін болжады, деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Ол өз сөзінде, «егер адамзат өмір сүруге тағы бір ғаламшар таппаса, тағы мың жыл аяқта тұра алмаймыз» деп әлемге ескерту жасады. Бұл туралы Хокинг, Оксфорд университетінде талқы тобында ғалам мен адамзаттың түп тегі туралы конференцияда айтқан.

Соңғы 50 жылда адамзаттың ғаламға байланысты зерттеулері тереңдей түскенін айтқан 74 жастағы ғалым «Титтей ғана үлес қоса алған болсам мен үшін қандай бақыт еді?! Ғалымдар үлкен ықыласпен, толқыныспен жасаған зерттеулер ғаламды терең тануымызға себеп болады. Cosmos сияқты супер компьютерлердің де көмегімен ғаламдағы миллиондаған галактиканың картасын жасай аламыз. Осылайша ғаламдағы өз орнымызды да жақсы түсінеміз» деді.

Хокинг «кім білер, бәлкім бір күні жердің тартылыс күші толқындарын Жойқын жарылыстың(Әлемнің бұдан 13.7 миллиард жыл бұрын жойқын ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болғанын және өзгеріп бүгінге жеткенін сипаттайтын ортақ космологиялық модел.)  түп негізін тануға қолдана алармыз. Бірақ, бірдей мезгілде адамзаттың болашағы үшін қоныс теберлік басқа ғаламшарды да іздеуге мәжбүрміз. Климаттың өзгеруі тіршілікті ақырын-ақырын құрдымға жібереді. Өмір сүретін басқа бір ғаламшар таба алмаған жағдайда адамзат ұрпағыны аяулы жер анамызда тағы мың жыл өмір сүреміз деп айта алмаймын» дегенді баса айтты.

Жастарды ғаламның құпияларын шешуде табысты жұмыс істеуге талпындырған Стивен Хокинг сөзін былай деп аяқтады:

«Көзіңіз жерде емес, көкзеңгір аспанда, жұлдыздарда болсын! Көргеніңізді түсінуге, түсіндіре білуге тырысыңдар. Ықыласты болыңдар, қаншалықты қиын болса да қолдарыңнан келеді. Ең бастысы бас тартпау».

Кембридж университетінде студент кезінде тап болған нейрон ауруы амиотрофикалық склероздың себебінен сал болып қалған және сөйлей алмайтын Хокинг Стив өзінің ауруына қарамастан белсенді өмір сүреді. 2009 жылы Стив ғарышқа ұшқан болатын. Оның «Уақыттың қысқаша тарихы(A Brief History of Time) атты кітабы 10 миллионнан артық тиражбен сатылған. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар