АҚШ-та Президент сайлауында жеңіске жеткен республикалық партия өкілі Дональд Трамп сайлаудан кейінгі алғашқы кездесуін Жапония Премьер министрі Шиндоу Абэмен өткізді. Осы кездесуде Жапония Премьер министрі Трампты сенімді көшбасшы атады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.
Нью-Йоркте өткен кездесуде нақты қандай мәселелер талқыланғаны көпшілікке жария болған жоқ. Алайда Шиндзоу Абэ кездесу кезінде "Сайланған Президентпен басқа жаһандық көшбасшылардан бұрын кездесу үлкен мәртебе деп білемін" деді.
Бұған дейін хабарланғандай, Дональд Трамп Ресейге іс-сапармен бармақ болған. Алайда оның кеңесшілері ресми түрде таққа отырмас бұрын Ресейге барудан бас тарту жөнінде кеңес берді. Ал 14 қарашада Трамп В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Пікір қалдыру