Үш азаматты өлтіргендер өмір бақи бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709161240632_small.jpg

Ұзынағашқа мал сатуға келген ағайынды үш азаматты өлтірді дегендер өмір бақи бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Сотталушыларға қатысты қозғалған қылмыстық іс барысында оларға қарастырылған ең ауыр жаза осындай болып отыр.

Сағат 12 де басталу керек сот отырысы тек 1 сағаттан кейін ғана басталды.  Алғаш болып сұрақтарға жауап берген жәбірленуші тарап әу бастан қылмыскерлерге қатысты өз пікірлерін ашық білдіріп жатты.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды. 

ТҰРСЫН ӘМІРБАЙ, Жәбірленуші:

- Осы қылмыстың түбі түбіне дейін анықталуын, заңның ең жоғарғы жазасын алуын, өткенде он адамды атқан адамды ататын болды, Мына сұмырайдың көзін құртып қара жерге көмуін талап етемін!

 

ЕРКІН БЕЙСЕКЕЙ, Жәбірленуші:

- Сонда біз мұнда өлейін деп келдік па, бір иттердің қолынан? Біздің мемлекетке өкпеміз жоқ. Бұл сияқты шірік жұмыртқаларды ату керек! Қыз зорлағанмен осы сияқты иттерді ату!

 

Сондай ақ сот процессі барысында сотталушылардың адвокаты жәбірленушілерден бір сұрақты бірнеше рет қайтара сұрап, созбаққа салды. Ал сотталушылардың екеуі, Мұрат Оңалбаев және қылмысты көре тұра еш жерге хабарламады деген Байқасымов өздерін кінәлі деп санамайды. Осы уақытқа дейін қылмыстың кей баптарымен келіспеймін  деген Талғат Сүлейменов болса, қылмысқа тек жартылай ғана қатысым бар деп салды.

 

- Кінәлімін деп санайсыз ба өзіңізді? - Жартылай мойындаймын.  - Қалай ол сонда? - Машинаны жақты сосын арқайсысын ар жерде атты дегені, ол дұрыс емес. Ол жерде түсінсіпеушілік, ерегіс туындады.

 

Жәбірленуші тарап соттан материалдық шығын ретінде марқұм болған азаматтардың отбасыларына  15 миллион теңгеден барлығы 45 миллион теңге өндіріп беруді талап етіп отыр.

Ескере кететін мәселе, бүгінде марқұм туыстарына жоғалған 41 бас малдың толықтай құжаттары және 36 ірі қара қайтарылған. Қазір іздеудегі 5 басты сотталушылар сатып жібердік дегенімен олардың құжаттары жәбірленушілердің қолында. Ал малдарды құжатсыз сату мүмкін емес, оларды күдіктілер өздерінің сыбайластарында тығып отыр дейді марқұм туыстары.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар