Бүгін Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Ата-жұртқа миллион қазақты қосқан 25 жылдыққа арналып «Қамшы» ақпараттық порталы мен «Қазақстан» Ұлттық арнасы бірлесіп өткізіп отырған концертті бүгін «Хабар» арнасынан кешкі сағат 19:30-да тамашалай аласыздар,- деп хабарлайды Қамшы порталы.
Бұл шараны — «Қазақ көшінің» 25 жылына тарихи баға беру және қарашаңыраққа уық болып қадалған миллионнан астам қазақтың Ел мен Елбасына алғыс айтуы деп қабылдаған жөн. Алғысты тек жалаң сөзбен ғана емес, елге келіп өсіп-өнген, жетістікке жеткен ағайынның жарқын бет-бейнесімен көрсеткісі келеді.
Кеш жүргізушілері: Азамат Сатыбалды, Анна Данченко. Мерекелік концертте есімі елімізге ғана емес дүниежүзіне әйгілі опера әншісі Майра Мұхаммед, Рамазан Стамғазиев, «Алашұлы» тобы, Мұратбек Сарбасов, Ибрагим Ескендір, Шаба Әбденқұлқызы, «Алашұлы», «Қоңыр» топтары, күйші Еркін Ерген, Бибігүл Қилымхан, Өзгеріс Шерікбай, Айнұр Қажимолла, Қуаныш Алтыбаев өнер көрсетеді.
Пікір қалдыру