Роналду қызтеке болып шықты

/uploads/thumbnail/20170709163042433_small.jpg

Испания чемпионатының 12-турында «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду мен "Атлетиконың" жартылай қорғаушысы Коке арасында болған келіспеушілік журналистердің назарын аудартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, киім ауыстыру бөлмесінде Роналду командалас жолдастарына Кокемен болған сөз таласы туралы айтқан. Коке атақты португалиялықты «гей» деп атаған, деп хабарлайды испандық COPE радиостанциясы. Роналду оның сөзін растап: «Иә, мен геймін, есесіне өте баймын», - деп жауап берген. Айта кетейік, қараша айының басында «Реалдың» Роналдуға ай сайын 2 миллион еуро төлейтіні хабарланған еді. Оның әлемнің сұлу әйелдерімен қарым-қатынастары туралы көп айтылып, көп жазылған еді. Бұл матчта "Атлетико" "Реалдан" 0:3 есебімен жеңілді және үш голды да Роналду салған. Кокенің Роналдуге шүйлігуінің себебі де осы болуы мүмкін.

 

Қатысты Мақалалар