Қазақстанда жүргізілген генетикалық зерттеулер таң қаларлық нәтиже берді. Отандық ғалымдар Нұрсұлтан Назарбаевтың Шыңғысханның ұрпағы екенін дәлелдеп шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Бұл туралы "Хабар" арнасының "Генеалогия казахов" атты бағдарламасында айтылған.
"Қазақ жүздерін зерттей отырып, біз ұлы жүздің, оның ішінде Ошақты, Шапырашты және өзгелердің Шыңғыс хан туысы болып келетінін анықтадық. Бүгінде ұлы жүздің ең жарқын өкілі - біздің президент", - дейді ДНҚ сарапшысы Ғабит Баимбетов.