5 жасар павлодарлық Елбасымен кезіккісі келіп, видео сәлем жолдады (видео)

/uploads/thumbnail/20170709163054480_small.jpg

Нұрсұлтан Назарбаевқа видео сәлем жолдаған бүлдіршіннің бейнежазбасы ғаламторда тарады, деп хабарлайды Baq.kz.

Ол Павлодар облысы Лебяжі ауданына қарасты Аққу ауылында тұратын бес жасар Замир Рүстемұлы.

Өз үндеуінде Замир президентпен кездескісі келетінін айтқан. Қазір ол Аққу ауылындағы орта мектептің дайындық сыныбында оқиды. Анасы үй шаруасындағы адам болса, әкесі Рүстем жергілікті жанар-жағармай станциясының басшысы екен.

«Әкем сіздің менімен кездесуге уақытыңыз жоқ дейді. Егер уақытыңыз табылып жатса, сізге қонаққа келер едім», - дейді Замир.

Айта кететін болсақ, Елбасы Назарбаевқа республиканың түкпір-түкпірінен хаттар келіп тұрады.

Қатысты Мақалалар