Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей 31 арнаның «Ұят емес» бағдарламасына келіп, Салтанат Қалиевамен ашық сөйлесіп, ешкімге айтпаған сырымен бөлісті.
Айгүл Мүкей жүргізушінің неге осы уақытқа дейін тұрмысқа шықпай жүрсің, ұлың бар екенін білеміз, көпшілік үшін бұл сұрақтың жауабы қызық деген сауалына, ЭКО жасатқанын айтты. Ұлының әкесін уақыты келгенде көрсетемін деген Айгүл, әзірше оны құпия ұстағанды жөн санайтынын, бірақ уақыты келгенде міндетті түрде көрсететінін де жеткізді.
Сондай-ақ, Айгүл ең үлкен арманы туған ауылында мешіт тұрғызу екенін де атап өтті. « Ақмола облысындағы әкем тұрған ауылда, анам тұрған ауылда да дұрыс мешіт жоқ. Ол үшін тым көп ақша керек деп ойламаймын. Менің арманым осы, осы арманымды жүзеге асырғым келеді»,- деді.