Сайрам шаруаларына 134 миллион теңге субсидия берілді

/uploads/thumbnail/20170709175634122_small.jpg

 

Сайрам ауданында ауыл шаруашлығын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясында өз кәсібін ашушылар жылдан жылға артып келеді. Шаруаға бейім аудан тұрғындары мемлекет тарапынан жасалған жағдайлар мен берілген мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, өзімен қатар қоршаған ортасындағы адамдарды да тұрақты жұмыстармен қамтып отыр.

Сайрам ауданы әкімдігінің сайты жариялағандай сансыз батар мекенінде мемлекеттік бағдарламлардың орындалуы туралы мәліметтерге көз жүгіртсек, биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 180 ірі қара мал сатып алынып, жылдық тапсырма  (50 бас) 360 пайызға артығымен орындалған.

 «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 400 бас аналық қой сатып алынып тапсырма 133 пайызға орындалды. Шопан ата төлін дамытудағы биылғы жоспар 300 бас болып белгілен екен.

Биыл 78 шағын жанұялық сүт ауласын ашу жоспарланған болса, алғашқы алты айда тапсырма орындалып, бұл саладағы көрсеткіш 100 пайызды құрады. Яғни, 78 шағын жанұялық сүт ауласы ашылды. Бүгінге дейін ауданда олардың жалпы саны 154 бірлікті құрады.

Асыл тұқымды малдарды сатып алу, асыл тұқымды және селекциялық жұмыстарды жүргізу, жеке қосалқы шаруашылық табынына қосқан асыл тұқымды бұқаны күтіп-бағу, ірі қара мал және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру шығындарын 100 пайызға дейін өтеу, қой, сиыр, жылқы, түйе, шошқа, құс етін, жұмыртқа, сүт, қымыз, биязы жүнді өндіру құнын арзандату бойынша ауданда шаруаларға 134 млн. теңге субсидия берілді. 

http://rgmedia.kz/

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар