Дүйсенбі күні Сауд Арабиясында қар жауды. Бұл туралы Егемен Қазақстан басылымы хабарлайды.
Корольдіктің бас метеорологиялық басқармасының мәлімдеуінше, ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысына зиянын тигізген. Сонымен қатар, орталық бөлігіндегі астаналық округ аудандарында шөл даладағы құмның бетін қар басып қалды.

Табарджал қаласында ауа температура -3°C дейін төмендеді, Әл-Куараят провинциясында сынап бағанасы -1°C көрсетті.
Метеорологиялық басқарма жақын күндері корольдіктің барлық аумағында – Эр-Рияд, Шығыс провинцияларда, Меккеде, Мединада, сондай-ақ корольдіктің оңтүстік-батыс қалаларында жауын-шашын болатынын ескертті. Азаматтық қорғаныс корольдік құзырындағы азаматтар мен шетелдіктерді сақтық шараларын ұстануға шақырды.