Мәскеуде белгілі заңгер Валерий Соколовтың жеке куәлігін нотариус құжат ретінде қабылдамай, қызмет көрсетуден бас тартқан. Адвокат нотариустың үстінен Бабушкинский сотқа шағым түсірген. Алайда, сот шағымын қанағаттандырмай тастады.
«Қазақстандық жеке куәлікті, жеке басты куәләндыратын құжат ретінде қабылдамай тастағанда, Бабушкинский аудандық сотына шағым түсірдім. Алайда, сот нотариустың әрекетін заңсыз деп танудан бас тартты. Мен Әділет Министрлігі мен басқа да мемлекеттік мекемелерге адвокаттық сауал жолдап, Мәскеудің қалалық сотына апелляциялық шағым түсірдім» деп tengrinews.kz тілшісіне баяндап берді.
Мәскеулік сот бірінші инстацияның шешімін жоққа шығарып, В.Соколовтың жеке куәлігін заңды деп таныған. Адвокаттың айтуынша мұндай жағдайлар қазақстандық азаматтардың басынан жиі өтеді.
2005 жылы 17 мамырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Челябинскіде бірлесіп қабылдаған құжаты бар. Онда ҚР мен РФ азаматтары екі ел арасында жергілікті куәліктерімен (жеке куәлік) және балалардың туу туралы куәлігі (Қазақстандық азаматтар 16 жасқа толмағандарға, Ресейліктер 14 жасқа толмаған балаларға) жүре алатындығы тасқа таңба басқандай көрсетілген. Ресейлік соттың аталмыш құжат жөнінде білмегені адвокатты қатты таң қалдырыпты.