Белгілі сықақшы, журналис 65 жасқа келген қазақ майталманы Көпен Әмірбек жақында ұлды болды деп хабарлайды juldyz.kz
Адамнан жасырғаныңмен, Алладан жасыра алмайсың. Бұл құпия дүние емес, тіпті той жасау керек. Мұндайда біздің қариялар «құдайдың бергені» деп бөркін аспанға лақтыратын. Бір баланың зәріне зар болып жүрген қаншама шаңырақ бар. Шүкір, мен баланың зары өтіп жүрген адам емеспін. Бірақ шешем он бала туған, алтын құрсақты батыр ана. Бұрынғы жылы 85 жасында дүниеден өтті. Он баланың тұла бойы тұңғышы мен едім. «Балалы үй базар» дейді, базарлы жерге үйреніп қалғанмын. Сөйтіп 65 жасқа келгенде ұлды болдым. Қуаныш деген ұлым, Сағыныш атты қызым бар. Балаларымның шешесі бөлек болғанымен, әкесі бір. Екі бауырдың арасы бір болсын, ұйқасып тұрсын деген ниетпен сәбидің есімін - Жұбаныш қойдым. Келіншегімнің ұлды болатынын түсімде көргенмін. «Сары бала туасың» деп айтқанмын, солай болды. Әйтсе де, әрбір сүрінгенімді бақытсыздық деп санамаймын. Бәлкім, менің шын бақытым сол жерден басталатын шығар. «Бірінші алған әйелің - жеңіп алған тумен тең, екінші алған әйелің - сұрап ішкен сумен тең» дегенді кім қалай түсінеді? Тоқалды тоқ адам алады. Менікі тоқтық емес. Тағдыр. Жазмыш. Қасиетті хадиске құлақ түрсеңіз ой тастайды. «Қандай әйел жақсы әйел? Күйеуі нені жақсы көре, соны жақсы көретін әйел - жақсы әйел. Күйеуі нені жек көрсе, соны жек көрген әйел - жақсы әйел», - дейді белгілі сықақшы.