Жоғары лауазымды мемлекеттік шенеуніктердің жабық кездесуінде Украина Президенті Петр Порошенко президент қызметінен кететінін мәлімдеді. Мұны Жоғарғы Раданың экс депутаты, парламент спикері Олег Царов мәлімдеді деп хабарайды www.nur.kz.
Кездесуде Украинаның ІІМ басшысы Арсен Аваков, Бас прокурор Юрий Луценко және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Александр Турчинов болды. Онда қазіргі Украинаның жағдайы талқыланған. Өз блогында Олег Царов Украинаның жағдайы тым мүшкіл деген тоқтамға келгенін жазады. Жақын арада жағдайды түзетуге еш мүмкіндік көрмеген және нашарлай береді деп болжаған. Сондықтан Петр Порошенкоға елдегі жағдайды жақсарта алмаса, қызметінен кету туралы қатаң талап қойған. Оған Украина президенті «Тәртіпті өздерің орнатыңдар» деп жауап берген. Царевтің айтуынша бұл оның биліктен кеткенін білдіреді. Петр Порошенко «денсаулығым нашарлады» деген себеппен қызметтен кетеді. Оның сөзінше, ІІМ - полиция мен ұлттық гвардияның көмегімен Жоғары Раданы басып алып, депутаттарды Порошенкоға импичмент жариялауына мәжбүрлейді