Филиппинның Президенті Родриго Дутерте АҚШ-тың Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы байланыстан кейін өзінің әсерімен бөлісіп, даусы мен акцентін салды.
Оның алдында жаңа сайланған Президентті құттықтау үшін Дутерте мен Трамп телефон арқылы байланысқа түскен болатын.
«Президент Дутерте, жарайсың. Сені сынға алатын америкалықтарды уайымдайтыныңды білемін. Бірақ, сен жарайсың! Осы қалпыңнан тайма!», – деді президенттік сарайдағы сөзінде Трамқа пародия жасап. Ол сонымен қоса Трампқа тән мәнермен сөйлеймін деп Мексика мен АҚШ арасындағы шекара мәселесін де қозғап өтті.