Еуропалық әйелдер мигранттарды несімен қызықтырады?

/uploads/thumbnail/20170709184827208_small.jpg

Алманияда мигранттар әйелдерге тағы да қастандық жасады: бірін зорлап, өлтіріп тастаса, екіншісі 21 мен 27 жастағы екі студенттердің зорлануы. Бұл мәселе Кельндегі жаңа жылдық кеште болған оқиғадан кейін жаңадан өршелене түсті.

«Жеткіншектерден неге жәбірлеушілер шығатыны жайлы бірнеше нұсқа бар», – дейді Штутгарттегі балалар мен жеткіншектер психиатриясының бас дәрігері, профессор Михаэл Гюнтер. Оның айтуынша, «қыздары жабық жүретін елден келген жастар ашық қоғамға түскенде, өздеріне ие бола алмай қалады. Олар қорқыныш пен сенімсіздіктің орнын толтыру үшін осындай қадамдарға барады. Ол жақта некеге дейін қыздарға тиісуге болмайды. Сондай тыйымдардың арасында өскен олар бұл жақта өз-өзіне сенімді, беттерін тұмшаламайтын қыздарды көреді».

Исламды зерттеуші, профессор Бассам Тиби: «неміс әйелдері некеге дейін ер адамдармен жақын қарым-қатынаста бола беретіндіктен, мигранттар оларды зорлауға бола беретін «жеңіл жүрісті қыз», «олжа» ретінде көреді» деп санайды. Тиби оны тоқтату мүмкін емес, алдағы уақытта да жалғаса береді деп ойлайды.

Қатысты Мақалалар