Қорғауындағы Әсел Батырбайқызының(Есімі өзгертіліп берілді. -ред) сотына келген адвокат Бауыржан Азановтың өзі құқығына қол сұғылып, зардап шекті. Бұл туралы «Қамшы» порталына адвокаттың өзі хабарлады.
Бауыржан Азановтың айтуынша, ол көлік апатынан зардап шеккен, қорғауындағы Әсел Батырбайқызының сотына барған. Астана қалалық әкімшілік соттың есігіндегі күзетші оны еш себепсіз сотқа кіргізбей қояды және оның сұрақтарына жауап бермей, бұл әрекетіне ешқандай да түсінік бермейді. Тіпті ол Бауыржанмен сөйлеспей қою үшін постын да тастап алыстап кетеді. Оның бұл әрекеті де заңға қайшы келеді. Соттан кешігіп бара жатқан Бауыржан Азанов амалсыз есіктегі турникет астынан кіріп кетпекші болғанда, оның күзетші ауыр қылмыскер сияқты қолына кісен салған. Куәгерлер ұялы телефонына түсірген видеода анық көрінеді.
Соның кесірінен тиісті сот өтпей қалған. Сот өтпейтіні белгілі болғанда ғана, күзетші әлдекімнен келген телефон қоңырауынан кейін адвокатты босатқан. Адвокат басымен, қызметтік куәлігін көрсете тұрып өзі қорғаушы ретінде сотқа қатыса алмаған, тіпті қолы кісенделіп, білегі бунаған Бауыржан Қазақстандағы сот режиміне, құқық саласындағы әділетсіздікке ашынады.
Айта кете болсақ, Көзірді мынадай жағдайда ғана тағады:
Өлім жазасын орындау кезінде,
Тым қауіпті қылмыскерлерге,
Қате қауіпті қылмыскерлерді ұстаған жағдайда,
Өзін-өзі өлтірмекші болған адамды ұстаған жағдайда.
Өмір бойына бас бостандығынан айырған немесе өте қауіпті қылмыскерлерді сотқа жеткізерде болмаса, басқа жағдайда сот отырысында көзір тағылмайды