7 АЙДАН СОҢ АШЫЛАТЫН EXPO ҚҰРЫЛЫСЫНА ЕСІМОВ КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АҚША ЖИНАП АЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170709184858235_small.jpg

Дүниежүзілік EXPO-2017 ұлттық көрмесі келер жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Яғни, атаулы құрылыстың басталуына тұп-тура 7 ай уақыт қалды. Ал, біз оған дайынбыз ба? Халық дайын емес қой, мемлекет дайын ба? Билік дайын ба? Дайын деу қиын, себебі, осыдан үш апта бұрын 16 қарашада EXPO-2017 құрылысы алаңындағы павильондардың бірі құлаған болатын.

Ал, содан бірнеше күннен кейін Елбасы қабылдауында болған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Есімов дайындықтың қызу жүріп жатқанын, кейбір павильондардың беріліп те қойғанын айтқан болатын. Елбасы оған «Бізге шетелдік қатысушылардың көрмеде көрсететін жаңа инновациялық технологияларын барынша пайдалану қажет», - деген еді.

Ал, Астанада кеше ғана өткен «ЭКСПО-2017» жобасына қатысты құрылтайда отандық кәсіпкерлердің қанша қаржы бөлгендері мәлім болды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Есімов шетелдік шет елдік инновацияларды ұмытып,  әр облыстың әкімдеріне осы жобаға спонсорларды тартыңыздар деген өтініш хат жолдаған. Белгілі болғандай, ЭКСПО-ны ұйымдастырушылардың бөлген қаражаты 10 мың евродан аспады. Департамент директоры ұлттық комапнияның қоғаммен бірлесіп әкімдермен меморандумға қол қойғандығын аталған компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Куянов та растады. Алайда, баспасөз басшысы ешқандай да жоспардың жоқ екенін ерекше атап өтті.

Мұндай өтініш хаттардың бірі ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевқа да жолданған. Бірақ Түймебаев Есімовтың бұл өтінішін орындаудан бас тартыпты.

Қазақстандық кәсіпкерлердің жомарттығы

Сергей Куяновтың айтуынша, Есімовтің уайымдауына еш себеп жоқ. Шенеуніктермен жеке қарым-қатынасындағы қиыншылықтарға қарамастан, жобаға спонсорлар тарапынан қаржы бөлу жұмысы жақсы жүріп жатыр екен.

  • Жалпы Қазақстан бойынша  126 млн. евро қаржы жиналды. Ал, әр облыстың нақты қанша қаражат бөлгендігі жайлы әзірге тіс жарып айта алмаймын, - деді Сергей Кулянов.

126 млн евро – ескі курспен санағанда 45млрд-тан көп сомма. Осылай Есімов дағдарыс пен девальвацияға еш қаймықпайтын қазақстандық кәсіпкерлерден кезінде ТАЛҒАТ Ермегияев «жымқырды» деп айыпталған ақшадан да көп қаржы жинап алыпты.

Естеріңізге салатын болсақ, Ермегияев 10 млрд. тенге жымқырды деп айыпталған болатын, оның ішінде 4 млрд. теңгені жеке өзінің қалтасына басты деп айыпталған еді.

Дегенмен Облыстардың қайсысы ең көп көлемде қаржы бөлгендігі және де қанша компаниядан мұндай қомақты қаржыны жинағандығы жайлы мәлімет әзірге құпия болып отыр.

Барлық  мәселелер төңірегінде анық-қанығын ашып айтып беремін деп уәде еткен Сергей Куянов ел көзінен тасада тығылып, соғылған қоңырауларға жауап қатпай отыр.

Осы сәтте бұл жиналған қомақты ақшаның барлығы қайда кетер екен деген сұрақ туындайды?

Айта кетер болсақ, ЭКСПО көрмесін өткізуге 283 миллион еуро жұмсалатыны туралы 2014 жылдың қараша айында Талғат Ермегияев мәлімдеме жасаған болатын.  Көрмеден кейін ол ақшаның барлығы мемлекетке қайтарылатыны туралы да айтқан еді ұйымдастырушылар. «ЭКСПО – 2017 көрмесінің шығындары Тіркеу досьесінде көрсетілген – 283 миллион еуро. Оны операциондық шығындар деп атайды. Артынан біз соның барлығын бюджетке қайтаруымыз қажет», – деген еді компанияның алғашқы басшысы Т.Ермегияев.

Жоспарға сәйкес, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу және оған дайындық шаралары барысында коммерциялық жұмыстан 283 миллион еуродан астам қажы түседі. Ол ақшаның 81 пайызы – демеушілер мен билет саудасынан келетін пайда. Негізі, көрме қонақтары сан алуан шараларға 5 миллион рет (5 миллион адам емес – авт.) келіп кетсе, билеттер саудасынан 82 миллион еуро түседі деген жоспар бар болатын.

Дегенмен, қазірге дейін EXPO құрылысына бөлінген қаражаттың анық есебі жасалған жоқ. Сондай-ақ алғашқы жоспар бойынша, көрме құрылысы 2016 жылдың соңында толықтай дайын болуы тиіс еді.

Айта кетсек, дүбірлеп басталып, аяғында халықтан ақша сұрап кеткен жоба жалғыз бұл емес. "Қазақ елі" телефильміне де мемлекет бөлген қаржы "жетпей" қалып, соңында халықтан ақша жиналған еді. Көрсетілуі тиісті мерзімінен 2 жыл кезіксе де аталған тарихи сериал әлі халыққа көрсетілмеді.

Еске салсақ,  EXPO құрылысына мемлекеттен бөлінетін қаражат биылғы жылдың басында қысқартылды. Қазақстанның әлемге атын танытады деген алып пиар-кампанияны өткізу бюджеті 131 миллиард теңгеге қысқарды. 
 

Қамшыгер: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар