Украиндық ұлтшылдар: Қазақстан Украина елінің боданы болу керек

/uploads/thumbnail/20170709185043258_small.jpg

Андрей Манчук Украиналық халық бірлестігінің  құжаттарын аудару кезінде қазақ елі жайлы сұрақтарды көзі шалғандығы жайлы novorosinform.org сайтында жарияланған болатын. Мақаланың қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.

Осы уақытқа дейін бұл жайында ешбір жерде айтылмаған болатын.

«Көтерілістің бастапқы кезеңінде этнографиялық жерлерді қайтарып алғаннан кейін біз Волга өзенінің жанына тоқтауымыз керек, сонан соң әскер күшін Могилев жанына тастап, біздің еліміздегі жергілікті бодан халықтарға көмек көрсету үшін және мәскеулік индустриалды орталықтарға қоқан-лоққы жасау үшін соғысты Қазақстанға алып келуіміз керек.

Алайда Қазақстанды Құдайға сеніп тапсырып кете алмаймыз, біздің бостандық алуымыз ол елмен тығыз байланысты. Сол себепті біздің державаның  солтүстік шегі Алтай мен Тянь-Шань тауларына қарай беттеуі тиіс».

 Колодзинский қазақтарды мемлекет басқара алмайтын халық деп санаған: «Қазақтарда мемлекетті құрып, оны басқара алатын адам жоқ. Егер ол жерге біз орнықпасақ, Мәскеу келіп жайғасады. Ал, қазақтардың жері өте кең әрі бай. Сол себепті де Қазақстан Украинаның қарамағындағы  ел болуы керек».

Біраз жыл бұрын Украина құрылымдық державасының картасын жариялағанда олар шекарасына Қазақстанды да қосып белгілегенін көрген болатынбыз. 

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар