10 желтоқсанда Франция елінде Мұхтар Әбіләзов мырзаның босап шыққандығы жайлы жалпы жұртқа мәлімдеген болатынбыз. Сол ағамыз озінің желідегі парақшасында қазақ халқын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен әділ күреске шақырады.
«Құрметті достар, жақтастарым және ниеттестерім! Жылы лебіздеріңіз бен қолдауларыңызға көп рахмет! Менің Назарбаевпен арадағы соғысымның жалғасып келе жатқанына 16 жыл болды және ол одан әрі қарай да жалғаспақ. Біздің еліміз – Қазақстан әле демократиялы, гүлденген, өркениетті және Назарбаевтың барлық коррупциялық режимінен азат ел болатынына сенемін. Біз, қазақстандықтар, егер біріксек, бұл мақсатқа міндетті түрде жетеміз! Біздің ісіміз дұрыс және біз жеңіске жетеміз!»
Міне, жақында ғана абақтыдан босап шыққан Әбіләзов мырзаның сөздері осындай. Патшасын сыйламайтын халықтан без деген. Ендеше, Әбіләзов бізді қандай күреске шақырып жатыр? Оны біз қолдауымыз керек пе?
Қамшыгер: Назерке Лабихан