Сергей Белоголовцев: «Орыс болғаныма ұяламын!» (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709185041479_small.jpg

«Пусть говорят» ток-шоуына қонақ ретінде шақырылған Ресейдің атақты тележүргізуші Сергей Белоголовцев Ресей медицинасы туралы айта отырып көп нәрсенің басын ашты.

«Ауру балаларымызды Қытайға барып емдейміз. Неге? Қытайда ерекше бір нәрсе бар деп ойлайсыз ба? Жоқ. Өзімізде де емдеуге болатын еді. Бірақ ниет жоқ, құлық жоқ. Ресейде бір жыл бойы кино түсірмей, футболистерге миллиондап ақша төлемей, ешқандай құрылыс нысанын салмай, қысқасы, бәрін-бәрін тоқтатып тастау қажет. Барлық ақшаны, барлық энергияны науқас балаларға жұмсауымыз керек. «Ұлы Ресей елі» деп жүрек тұсымызға қолымызды қойып, әнұран шырқағаннан не пайда? Орыс болғаныма ұяламын! Маған «орыстың жаны» туралы әңгімені де айтпай-ақ қойыңыздар! Орыстың жаны бұрын сайрап тұрған шығар, қазір орыстың жаны құр бос кеуде! Ресей елі бүкіл планетаның масқарасы. Өтірік жағымпазданудың, өтірік көлгірсудің, тыраштанудың түк қажеті жоқ. Біз көмекке мұқтаж бүлдіршіндерін емдей алмай жүрген бишарамыз. Америка болса, шынымен де ұлы ел. Арбаға таңылған адамға қарап американдықтың күлген риясыз күлкісінде ешқандай мүсіркеу, ешқандай өтірік байқамайсыз. Себебі ол жақта мүгедек адам о баста қоғамның айнымас бөлшегі. Оның жағдайы жасалған, тұрмысы реттелген, ол өз құқығын біледі. Ресейде арбадағы жарымжан адамға қарап несіне қуанасың?»

Қатысты Мақалалар