Аймақтағы климат жағдайлары жергілікті экономиканы дамытуда маңызды рөл атқаратын ауыл шаруашылығына қолайлы. Өзім Түркістан қаласының тұрғыны ретінде бұл ілгерілеудің қалай жүзеге асқанын айта кеткім келеді. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы соңғы жиырма бес жылда инновациялық салаға айналды. Мемлекеттің қаржылық қолдауының арқасында ауыл еңбеккерлері жаңа технологияларды белсене қолдана бастады, бұған ең алдымен ылғал үнемдегіш технологияларды жатқызуға болды. Ондаған жылдар бойы суға зәру болып келген Оңтүстік Қазақстан үшін бұл аграрлық саладағы нағыз ілгерілеу болды: 15 мың гектардан астам жер тамшылап суарылады. Осы бағыттағы жұмыс басталған 2015 жылмен салыстырғанда ылғал үнемдегіш технология пайдаланылатын аудандар екі еседен артық ұлғайды. Енді міне олар республикалық көрсеткіштің 70 пайызын құрайды. Түркістанда тамшылатып суаруға арналған жабдық шығаратын зауыт салынды, бұл шаруалар үшін технологияны әлдеқайда арзан бағаға сатып алуға мүмкіндік туғызды.
Тек тәуелсіздік жылдары Қазақстан Шардара су қоймасынан Мақтаарал ауданының суармалы егістіктеріне машинамен су тарту жобасын іске асыру есебінен облыстың оңтүстігіндегі су мәселесін шешудің сәті түсті. Оңтүстіктер оны «Тәуелсіздік жобасы» деп атады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың арқасында ел үшін ең қысылтаяң қаржылық және экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекет бұған 14 миллиард теңге жұмсап, мақтааралдықтар мақта өсіру кезінде Сырдария суын Өзбекстан аумағы арқылы ағызатын мемлекетаралық «Достық» арнасындағы суға тәуелсіз етті.
Облыста Қазақ мақта шарушалығы ғылыми-зерттеу институты ашылды, оның ғалымдары егістіктерде Қазақстанда аудандастырылмаған өзбек мақтасын ауыстырған бес отандық сұрыпты өсіріп шығарды. Оларды егуге көшу нәтижесінде облыс кірісінің экспорттық баптарының бірі болып табылатын шиті мақта өнімін арттырды. ОҚО – Қазақстандағы отандық тоқыма өнеркәсібінің дамуының негізін құрайтын шиті мақта өсірілетін жалғыз облыс. Сондықтан бұл үлкен мүмкіндіктер ашатынын ұмытпаған жөн.
Майра Әбсадық,
Түркістан қаласының тұрғыны