Майра Рысманованың баласы Ербол Ахметовтың ісі қайта қаралатын болды (видео)

/uploads/thumbnail/20170709185412197_small.jpg

Бас прокуратурада Майра Рысманованың баласы Ербол Ахметовтың ісін қайта қарауға әрекет етуде деп хабарлайды informburo.kz.

«Ахметовтың ісі бір апта бұрын түсті. Сот шешімін жою туралы қарсылықтар дайындалып жатыр. Ахметовты тұтқындаған Шу аудандық ішкі істер басқармасының жедел уәкілі Ерлан Желдешовке қатысты Қылмыстық іс екі бап бойынша жіберілді. Олар – қызметін асыра пайдалану және ұрып-соғу әрекеттері, ұру бабы бойынша ол ақталып шыққан» деді Бас прокуратураның уәкілі Ержан Ғалеев.

 Оның сөзінше Жамбыл облыстық прокуратура оның іс-әрекетін «күш көрсету» бабына ауыстыруға қарсылық білдірді. Сот бұдан бұрын Желдешовке қатысты бостандығын шектеу туралы шешім қабылдаған.

«Қазір бұл шешімді жоюға қарсылық енгізіліп, бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданбақ. 26 желтоқсанда іс қаралады» деп түсіндірді Ғалеев.

Ерболдың анасы Майра Рысманова баласының ісі қайта қаралып жатқанын хабардар болғанын да айтты.

Ал Майра Рысманованың қызы Ақмарал бас прокурор Жақып Асановпен кездесуді талап етті. Ол да анасы секілді өзіне қол жұмсайтынын айтты.

«Кім шығады?! Кім жауап береді?! Енді қанша адам әділттілік үшін өзін өртейтін болады? Мен де өзімді өртеп жіберемін, ант етемін! Анам дүниеден озды. Бұл дүниеде мені ештеңе ұстап тұрған жоқ. Оның артынан мен де кетемін» деп талып қалды.

Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Ақмаралды көтеріп алып, бақылау пунктіне кіргізді. Дәрігерлер медициналық көмек көрсетті.

Қатысты Мақалалар