Ислам Каримовтың қызы Гүлнәр Каримова сыртқы әлеммен байланысқа шықпай жатқаны белгілі. Оның баласы анасының тірі екендігін бірақ, қайда екенін білмейтінін айтқан. Гүлнәр Каримованың "өлімі" туралы қауесет шығардың алдында, ол Евгений Дьяконовпен хабарласқан.
«Гүлнәрдің үй қамаққа отырғызылғаннан кейін, байланысқа шыққан алғашқы адам мен болдым. Ол менің парақшама хат жазыпты. Мен жауап ретінде кітабымның бірнеше бөлімін жібердім».
Гүлнәр менің кітабымды оқып жылағанын айтты. Өзбекстанда мұндай сұмдық жағдайлар орын алып жатқанын білмегеніне сендіруге тырысты. Ол менің өміріме балта шабылғанына, отанымнан алыстатылғаныма кінәлі емес екеніне сендіруге тырысты... Оның қол астындағы адамдардың менімен есеп айырысқанда асыра сілтеп жібергенін айтты. Шығыста біреуге тақия әкеліп бер десең, баспен қосып жеткізеді....».

Евгений Дьяконов әлі күнге дейін Ислам Каримовтың қызы жоғалып кетер алдында неліктен оған хабарласқанын түсіне алмай келеді. Ол өзінің бұрыңғы іс-әрекеттерін ақтап алғысы келді ме? Көмек сұрағысы келді ме?
...Өзбекстанның тумасы және СССР азаматы Евгений Дьяконов 80-ші жылдардың соңында Ауғанстандағы соғысқа барады.... Қатігез соғысты өз көзімен көреді. Достарын жоғалтты, қылмыстық бұйрықтарды естіді. Қазір дамыған Скандинавияда тұрып, осының барлығы басынан өткеніне өзі сенбейді.
-Ауғанстандағы соғыстан кейін, өз-өзіме келу үшін маған 1 жыл қажет болды. Біздікілер сияқты маскүнемде, нашақорда болмадым. 19 жасымда отаным Өзбекстанда өмірімнің күл талқанын шығарғаннан бері түнде қалың терде, шошып оянбайтын кездерім болмайды. Мен кешіре алмайтыныма сенімді болдым. Ешқашан.
Кімді? Гүлнәрді ме?
Гүлнәрді де.
Мүмкін сізге жазған ол емес шығар. Басқа адам әдейі жазған болар?
Жоқ, маған жазған адам Гүлнәр. Дәл соның сөйлесу мәнері. Сосын кенеттен жоқ болып кетті. Немесе бір жағдай болды... Жоқ, мен оған Кадаффидің тағдырын тілемеймін. Мен оны көпшіліктің алаңда жазалауынан да, құпия масқара өлімнен де қорғағым келеді. Барлық іс-әрекеттеріне заңды түрде Гаага халықаралық сотында жауап бергені дұрыс деп есептеймін. Менің ойым осы.
Олардың 20 жыл бұрынғы таныстығы Евгений үшін қатерлі болды.
90-шы жылдардың басында Ислам Каримовтың бұйрығымен әскери-көп ұлтты ұйымдардың бірінде басшы болдым. Бізді ресми жаппады. Тек қайта тіркеуден өткізді және қажетсіз құрылымдар одан өтпеді. Мен шоу-бизнеске кетіп қалдым. Қазір оны продюссерлік деп атайды. Артистерді гастролдерге апардым. Қарапайым адам айлап жалақысын ала алмай жүргенде, біз концерттен қандай да болмасын ақша түсірдік. Десек те түсімі мол болды деп айта алмаймын.
Онда президенттің қызына не үшін қажет болдыңыз?
Онымен салыстырғанда мен... білмеймін «микроб» болдым деп жаза салыңыздар. Шынымен де. Мен айналысқан сала қаржылық тұрғысынан еш пайдасы болмады. Тек саяси жағынан ұтымды жақтары бар еді. Мен рокер, панк, хиппи жігіттіреді жертөлелерден алып шығып, жарыққа шығардым. Өздерін адам ретінде сезінуге мүмкіндік бердім... Ол қандай да бір мәртебе берді немесе Өзбекстанда оны деңгей деп атайды. Мен де 30-ға жуық рок-тобым болды. 97-шы жылдары маған адамдар келіп, бір маңызды адамға барлығын тегін беруім керек екенін айтты.
Мұның артында Гүлнәр тұрды ма?
Иә! Менің Ресеймен жақсы байланысым болды. Олар маған көмектесуге және азаматтық беруге уәде берді... Сондықтан мен «иә» дегенімде қазір қалтасын қампайтқан шенеунік немесе кәсіпкер болушы едім. Бірақ мен бұл ұсыныстан бас тарттым. Қонақтар таңдайын қағып, онда өзіңізден көріңіз деді. Бір айдан кейін менің өмірім екіге айрылды. 1997 жылдың 1 наурызында маған бір адамдар келіп, есімнен тандырып тастады. Тек полицияда есімді жидым. Миым шайқалған. Маған бір жапырақ қағазды әкеп берді. Онда тасқа таңба басқандай – қалтамда анаша табылғанын, үйде жарылғыш зат, ал кеңсемде уахабизмге үгіттейтін парақшалар табылғаны жазылған. Мен де! Ауған соғысына қатысқан адамнан!
Ал дәледер ше?
Ол ешкімді қызықтырмады. Мені 48 сағат ІІМ жертөлесінде ұстады. Ол «Проспект Космонавтов» метросының маңында еді. Қателеспесем, онда 9 жоғарғы қабат және бес жер асты қабаты болды. Жер астындағы 3 қабатта зыңдандар бар. Мен қалай азаптағанын егжей-тегжейлі айтқым келмейді... Мен оны өз кітаптарымда жаздым. Бір нәрсені айтқым келеді: кінәні мойындамадым. Бірақ, оның қажеті болмады. Сот отырысының алдында маған бір ине салды. Мүлде есімде жоқ. Келесі күні қолымдағы үкіммен есімді жидым. 22 жыл бас бостандығынан айыру. Оның 10 қатаң жағдайда.
Халықаралық лаңкестерді ұстайтын «Джаслык» атты атақты өзбек түрмесі туралы айтып отырсыз ба?
Жоқ. Караул-Базар деген Өзбектандағы басқа қорынышты түрмесінде. Онда адамдар фашистердің тұтқыны секілді жолақ киімдермен жүреді. Мен бұған дейін Ислам Кармовтың саясатын қолдадым. Елде қандай оқиғалар орын алып жатқанын білгім келмеді. Соған дауыс бердім.
1998 жылдың 18 тамызында мені басқа түрмеге ауыстырды. Түнде ыйығыма шаршаған, әбден қалжыраған қартайған бір молда басын қойды, таңға жуық басын қойған күйі қайтыс болды. Сонда мен көргенімді айту үшін тірі қалуым керек деп уәде бердім. 1998 жылы босап шықтым.
Сізге 22 жыл беріп еді ғой...
Өзбекстанда барлығын сатуға және сатып алуға болады. Бостандыққа шығу үшін барымды бердім. Бірақ мені шығаруға асықпады. Бір лагерден, екіншісіне ауыстырып, уақыт созды. Ресейлік ұйымдар мені босату үшін барын салды. Бірақ менің көрген азабым меннен басқа кімге керек? Ешкімге...
Гүлнәр Каримованың жоқ болып кеткеніне қатысты не айтасыз?
Гүлнәр мансапқұмар адам. Сыртқы әлеммен байланысқа шықпай жатқаны, мұңды ойларға жетелейді. Оны Мәскеуден іздестіргенін білемін.
Бірақ бұрыңғы президенттің қызы кімге керек?
Гүлнәр әлі күнге дейін қауіп төндіреді. Ол өте ықпалды. Оның мұхиттың екі жағында да өте беделді достары бар.
Автор: Екатерина Сажнева
Дереккөз: www.mk.ru