Али Хаменеи: Сауд Арабиясынан Меккені тартып алу керек

/uploads/thumbnail/20170709190253743_small.jpg

Иран Ислам Республикасының діни лидері Аятолла Али Хаменеи әлемдегі барша мұсылмандарға Сауд Арабиясындағы екі басты қала – Мекке мен Мединаға қалалрын өз қарамағымызға алу керек деп мәлімдеме жасады. 

Хаменеи 2015 жылы мыңдаған құлшылық етушілер көз жұмған қажылықтың ұйымдастырылуын  Сауд Арабиясына тапсырған болатын. Қажылыққа барғандардың басым бөлігі Иран елінен келгендер екен деп хабарлайды rosbalt.ru. Мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.

«Қажылықты туристік саяхатқа айналдырғандар, дінді саясатқа араластырып, Иран елінің дұшпандарын жасырғандар – АҚШ секілді үлкен сайтаның долы болмағандығын уайымдайтын қорқақ жындар секілді», - деп мәлімдеді ол.

«2015 жылдағы қазалы оқиға өзінен-өзі болған жоқ. Астарына қарайтын болсақ, сол оқиға Эр-Рияд пен синонистермен достық қарым-қатынас орнатқан уақытта болды. Сауд Арабиясындағы адамдар  тәуелсіздікті аңсаған палестина халқының қырғыны жайлы ұмытып кетті», - деді Аятолла.

2016 жылы Қажылыққа бару үшін Иран еліне қаражат бөлінбегенін тілге тиек ете отырып, бұл қасиетті екі қаланы «қызғаншақ, ұятсыз тирандардың» қолынан алып, әлемдегі барша мұсылмандардың қарамағына беру қажет  деп есептеді.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар