Бішкекте тұратын таиланд қызы Қырғызстаннан кеткісі келмейтіндігін айтты

/uploads/thumbnail/20170709190252011_small.jpg

Таиландтық фитнес-тренер және модель Сюзи Эйг Бішкекте тұрып жатқанына жарты жыл. Екі ұлдың анасының жасы қырықта, бірақ дене сымбатына қарасаңыз 25 жасар қыздай. "Спутник-Кыргызстанның" тілшісі Сюзидің сұлулық сыры мен Қырғыз елін жақсы көруінің себебін анықтапты. 

«Ұзақ жылдар бойы мен Таиландта би сабағынан дәріс бердім. Сосын магистратураға түсіп, АҚШ-қа қоныс аудардым. Оқудан кейін фитнес-тренингпен айналыса бастадым. Балалым шағым Таиландта өтті. Азиялық әйелдер көбінесе үйде отырады, балаға қарайды, сөйтіп өзіне уақыт таппайды. АҚШ-та жағдай басқаша. Мен мысалы нәзікжандылар да штангі көтере алатынын дәлелдегім келеді» дейді Сюзи.

Сюзидің айтуынша дене сымбаты мен сұлулығын сақтағысы келетін әйел бастысы дұрыс тамақтанып, дене жаттығуларын жасап тұруы қажет.

«Кез келген жаста әйел адам әдемі қалпын сақтап қалғаны шарт. Денсаулықтың қалпына келмейтіндігін естен шығармауы керек. Дұрыс тамақтану деген күнделікті ірімшік қана жеу дегенді білдірмейді ғой. Пайдалы тамақтар көп іздегенге» деп кеңес берді таиланд қызы.

Сюзидің ойынша ол қырғыз еркектеріне ұнамайды. «Менің фотоларыма қарап, олар ғайбат, ауыр сөз жазудан жалығар емес. Ондай пікірлерді оқығанда бастапқы кезде көз жасқа ерік беретінмін. Қазір етім үйреніп кетті. Қанша дегенмен менталитет әртүрлі» дейді ол.

Сюзиге Қырғызстан қатты ұнапты. Қырғыздың ұлттық тағамдарын ол сүйсініп жейді екен. "Қырғыздар өте қарапайым халық. Мейірбан және тәрбиелі жандар. Қырғызша да, орысша да түсінбесем де қиындық көріп жүрген жоқпын» деп ойын қорытындылады.
 

Қатысты Мақалалар