Тілеуберді Қанабекұлы
Жол ـــ қаланың қақ ортасын қиып алған даңғылдың бойы. Көкті құрсаулаған суық жоқ. Сарылып жауғаны қар дегені болмаса, тосын көзге қар екені, жаңбыр екені белгісіз. Қыс дегені болмаса, күн көтеріле аяздың қыры сынған. Түнімен қапалақтаған қар ертесі сықырлап, мырзалануға шамасы келмей, пәсейіп, төменшіктене қалатын. Қазір де сол ырғақ, сол әуен шарықтап тұр. Желтоқсанның басы болса да, бұл қаланың мінезі осылай жақынды да, жатты да жарылқап болған. Бір келіп аттанған қонақ ـــ қыс деп танығысыз. Көктемнің көкөзек шағындай, жаздың жаңалығындай ұғатын. Бұл ойын дереу ұмытып, шынымен қыстың басы осы екені есіне түссе, ел басына ақырзаман орнатып, жұт ـ апаттың хабары деп біліп, мысықтабандап басатыны анық. Сондықтан бұл өңірге алғаш рет қонақ болып келсеңіз, бүгінгі жауған қардай көңіліңіздің бұзылатыны болады.
Баяғы сол әдет, аяздың қыры жоқ, суық ұйпаланып тұр. Алыс, алты айлық қысы бар суық мекеннен оқудың жайымен осында келген бір танысым :
ـــқазір мұнда қыс емес, көктем, ـــ дейді.
ـــ жоқ, бұл қыс, ـــ дедім. Іле, ـــ саған қыс қалай болуы керек?
ـــ қар қапалақтап құйып тұрса, тізеден келетін омбы қалса. . . Аязының аяры жоқ сықырлап тұрса. . . ـــ оның ойлағаны мұндағы ұлы тауларда болатын табиғаттың кең сауын қойнауындай шатқал заңғарлар мен оның етегіндегі қыстау аталатын өңірдің келбеті екенін білдім.
ـــқазір бұл қала сіңәремшектеніп жарытпайды, ـــ дедім.
ـــ немене? өмір ـ ғұмырымда естіп көрмегем, ـــ Еріген қардың мазасыз түйіртіктері оның өңіне қонып жатқан. Шырайы шашырап төгілген, езілген қар сынды бұзылды.
ـــ сіңәремшек. Таңданып тұрсың ба?
ـــ естімеппін.
ـــ көктің хабары, көп сауыс күннің бұлталағы. Бұл жерде де бар. Мен саған сіңәремшекті көрсетейін, ия есімдегіні айтайын, ـــ алыстан Найзасын көкке тіреген үйсінның шоқылары еңсегей бойын түзеген қалпында. Тау әулетінің келбеті де, пішіні де мұнартып, сұлбаланып көрінген. Боз мұнар арасынан шымыр, толық жаралған кесек кеуде пішінді әулиешөқынің жұмыр шағы. Бұл осы уақытқа дейінгі менің көкірегімде сақталып келген бір әңгіменің өшпеуіндегі таудың сіңәремшегі. Мен әулиешөқыні көрген сайын сол сіңәремшек есіме оралады.
*** *** ***
Сыңар емшек есте жоқ заманнан қалған әңгіме.
Жер бетіндегі адам пендесінің тіршілігі енді басталып, қалың қосын ـ топ, әйел ـ абысындар (тарих бетінде «Амазондар» атымен қалған) апайтос кең орман етегінде сап құрған. Бәрінің шаштары алтындай сап ـ сары, көздері аспан теңізінен де көк. Қиғаш біткен имек қастары, сұңғақ бойлары да олардың батыр тұлғаларын айқындап, бойларынан ерліктің исін бұрқыратады. Тәңертеңгілік қарын қамынан соң, бұл тайпаның Еркегі түгелге жуық егіс ـ арық шаруаларымен кетеді. Олардың таңнан кешке дейін істейтіні топ басы болған әйелдерге көмектесіп, бала бағу, отын әкеліп, су тасу. Жұмыстың барлығы тап ـ тұйнақтай бітіп жатқан.
Қаһарлы абысындардың жорық үсті де мүлде өзгеше: қолдарында найза, қылыш ; астыларына мінгені ـــ хаюанның серісі. Оны қолға үйреткен ـــ осылар ; оңайға соқпады. Байтақ өріске зорға сыйып, қазан тұяғы кең даланың апшысын қуырған болатын. Сұлу жал, балық жон жануарлар осы батыр топтың тақымында арқасы шірігенше шыңғырып барып, қамыс құлағын көкке тіреп, мойнын ішіне бүктеп, жер танабын шаңға көміп тулаған. Қанша тулағанымен тындырғаны өз денесінен саусылдап аққан ашшы тердің шарасы болды. Ақыры даланың шек ـ шеңбер көрмеген тағысын тақымына алғаш жүгіндірген, жүгендеген осы қауым ендігі жерде қанжырдай қатқан жол серісімен іркіліссіз талай күндік сапарды тасша лақтырып, жырақты шолып қайтып жүрді. Бұған дейін пенде баласының суқанын ұшырып, үрейін алған Ерлікті топ өздері ойламаған бір кемдікті көздері шалды: олардан шалғай мекенде тағы бір тегеурінді топ бар ـ ды. Қол ـ қосыны, иеленушісі жүндес Еркек екенін біліп, сол қарулы, Қаражон, компыс топты қайырып әкеліп, өз иелігіндегі күн көрістің қамын жақсарту мақсатымен шабуылға шыққан. Жүйрікке де бір томар ғой, сол жолы бір жеңіліске ұшырағаны да бар. Ол ұтылысқа жолыққанына да екі жеті өтті. Ауаша өмір сүріп, ел ـ жерді қамырша илеуге салмақ болған топтың тұңғыш қырғындыға жолыққаны да осы болатын. Бұл жолы олардың күшінің, Ерлігінің үстемдігімен жеңбегенін әбден білген. Қарсы топ абысындар қолының шабуылынан ұшқыр жебелерімен осқылап, ойламаған Уақиға үстінде жау бетін қайтарып аман қалған. Сол қанды теңіз бетімен жосыған қайтпас топтың уысына түскен жаны бейшара бір жалғыз Еркек еді. Қосын оны жол ـ жөнекей қинауға салмай, өз мекендеріне әкелді. Абысынбасы көзін ашқалы көрмеген қантогіске үрейленбесе де, өзінің оққа ұшқан әпеке ـ сіңілі, абысындарының қайғысына шыдай алмай сұңқылдап жылай ـ жылай отырып, қарсы топтың иелігіндегі қару өнерінің қандай бір Ерекшелігін игеруге ықыласы ауды. Қолдарындағы тұтқынның да бұл жағынан өзгешелігіне таң қалды. Ол ـــ садақшылық өнер. Соғыстан соң арғы ـ бергісін түгендеп, неде болса келер күннің қамына тезден кірісудің орынды екенін шешті. Өздерінің өлшеусіз қайғысының орнын толтырып, жүрек жыртығын жамауға ниет қылды.
Жаудан қалған жалғыздың қолына садақ берді, ерлікпен келісім түзді:
ـــ сен, бері қара! ـــ абысынбасының жүзі суық болатын. ـــ менің қатарыма тұр да садақты қолыңа ал! екеуміз бір қарауылды атамыз. Сенімен қашан теңэссем, сол күні Еркінсің! ـــ өнер шеберлігім одан кем деп ойлаған абысынбасы оның құпиясын ұрлауға іштей бекінді. Ол оны үйреніп алған шақта, бұл топтың алдында тірі жаннан теңдесі қалмасын толық сезген. Садақшы серіктің нысанаға әр атқан жебесі дәл тиіп тұрды. Ал абысынбасының көздегені дөйдәлаға зымқаған. Бір ғажабы, мұның құпиясын қосын иесі де, топты жан да, шыбын жанын аман сақтауға құлшынған тұтқын да шешіп бере алмады. Не амал?! қарсы қосын ـــ садақшыл жауға ендігі кездесер сәт жақындап келеді. Бүкіл топ қасырет шеге бастады. Алдағы жерде өздерін мәңгі билейтін тағы бір үрейлі қырғыншыл топтың бар екеніне көздері жетті. Олардың құпиясын шеше алмасын ойлаған сайын қан жұта қайғырды. Осыған дейін Сайран салып, көңілдері көк тіреген қайсар топтың аз ـ ақ уақытта сүлкіні түсіп, төбелерінде ажалдың қара бұлты үйіріліп, тұтқындықтың тұзағы бастарына түсердей мұңайды. Екі күннен бері садақ атудың сырын амалсыз үйретуге қосылған тұтқын қыл мойнын қан сорғалаған қылыштың жалаңы күтіп тұрғанын ойлап, өзінің тірі қайтпасына сенді. Таң сәулесімен бірге өлім күткен жалғыз енді Ширауға, неде болса қарсы топтың шарасыздығын күтуге пейіл еді. Бұл оның соңғы мүмкіндігі ـ тын. Ол таң атысын көруге шарасыз көнген. . .
Абысынбасының басын құрсаған ауыр ой дауыл шалған ормандай шулайды. Қайғы жалғыз жүрмейтін, ол келсе, соғысқа, қанды қырғынға аттанған екі жаққа да тиімсіз. Барлығының жүрегінен бір әқыреттің уы тамып тұратын. Бұл екеуіне де айқын. Бүгінше тұтқынға түсе қоймаса да, Ертелі ـ кеш зауал шақтың өз басына қонарын, өз басына ғана емес, өз иелігіндегі, осыған дейін өзіне Ерген қаншалаған бейкүнә жандардың қанына ортақ екенін ойлап жүрегін шер мұжыды. Абысынбасы тұңғыш рет шарасыздықтың, қауқарсыздықтың не екенін түсінгендей. Тосат ақырғы бір адамын іздеді. Ол өзінің қалың Еркектің арасынан өзіне лайық деп сенгені болатын. Алдағы қызыл қырғында аман қалмаса, оны қайта көре алмай кетерін ойлап зар шекті. Күні Ертең жау жағы басып келсе, тірі қалған күнде де қажетсіз бөтен қолдың қанды саусағы мұның жаға ـ жең, қойын ـ қонышында асыр салуы ғажап емесін ұқты. Әйел белгісіз бір қажеттің жетелеуімен, көптен елемеген, көптен зіл ـ батпан ой мұжып кездесуді ағат қалдырған жұбына, өз меншігіндегі Еркегіне жолығып, онымен соңғы сезімнің құшағында қоштасудың дұрыс екенін қабылдады.
Жер беті толған айдың сәулесіне шомған. Өз тобының, өз билігінің дәуренін сүрген ел де, жер де Ертең ـ ақ көзінен бал ـ бұл ұшпақ. Сүт сәулелі мекеннің көзіне ыстық басылғаны, өзін толқытқаны сонша, қан ـ терін төге отырып іріктеген қалың қарулы, айбарлы қол ـــ абысындардың арасында тұрғанын, өзі соның иесі екенін ұмытып тынды. Неше күннен бергі барлық құлшынысы желге ұшты. Оңаша шыға, қолын көкке қарманды да отыра қалып, етегін жасқа көміп көктен ең соңғы медет тіледі. Жақын жандарының өмір сәулеті үшін бейкүнәләрдің қанын ағызғанына кешірім сұрады. Таң атпай тұрып, ешбір ғажайыпты күтпей ـ ақ өзінің тапсырмасын орындай алмаған тұтқынды босатып жіберуге бекінді. Өзінің, елінің Ертеңінен үмітін үзген шағында әрі тұңғыш рет еш қажетіне жарамаған тұтқынды ـــ жау елінің адамын басындағы ноқтасын сыпырып, еліне қарай шығарып салды. Көп сөзге айналмаған абысынбасы тұтқынға :
ـــ жолың болсын! сен бақытты елдің адамысың. Өтінерім, сен маған еш жақсылық істеген жоқсың. Бірақ, , алда қырғын үстінде, не қырғын соңында ешқашан бас имек емеспін. Менің бодауыма елімнен бір адам болсада қайырымыңды істей жүр. Жетім көрсең жебей жүр! ـــ тұтқын барлығына Мақұл. Шексіз қуанышын, басының аман қалған шаттығын жеткізе алмады. Абысынбасы тұтқынның аяқ алысының соңынан ұзақ қарап, жау пендесіне өз қолынан келген тұңғыш рахымын көре жеңілдеп, сергіп қалды. Бірақ, , мұның амалсыздықтан екендігін тағы білетін әрі шарасыз шақтағы жау жақты алаңсыздандырудың, тым құрығанда шабуылын кешеуілдетудің соңғы лажы еді.
Көкірегіндегі қиналыстың тұтқынынан шыға алмаған әйел жау адамының соңында қалған өз даласына күйіне көз тастады. Ондағы сүттей тыныштыққа мейірлене қарады. Осы тыныштықтың астында жатқан қасыреттің қараңғысына шөгіп кететінін ойлаған сайын жаны шырылдады. Қайсарлығының біржола таусылып қалғанына таң қалды. Ендігі амал ай сәулесінің көлінде сәтке де болса Еркіндеп, баяғы Ерінің тұрағына асығыс құлаш жаймақ. Ғұмыр бойы қол бастап, қосын ертіп, ел мен жердің амандығы, тыныштығы, салтанаты үшін ат үсті әулие болып келген әйел Ерінің тұрағына енді. Енеден зор боп туған әйелдің құштарлығына зәру ер де билеушінің келген мезіретін қабағынан біліп қимыл атқарды.
Абысынбасы ـ әйел өз жұптасымен ләззәтқа шомған шақ, есіне алған ісіне кірісті. Соңғы бір ғұмыр қызығына батқан осы сәттің елесін жоғалтпай, Ердің де, өзінің де көзін жойып, Ертеңгі қанды қырғынды көрмеудің қамында. Арнаулы дайындап келген сапыны көзжүмді арпалыс үстінде иесінің қолқа жүрегіне жүгіртіп алмақ. Соңынан өзін мерт етер. Оң қолына алған сапының толғамы торсиып көтерілген өз омырауының тосқындығына ұшырай, ебдейсіздіктен Еркектің жүрек тұсына бармай, бауырына шала дарыды. Бір сілтемде жанын бере қоймаған Еркек ләззәт ғұзырынан кешіп, өлім мен өмір арасында жанталасып көру ниетімен жанын ала тысқа сып берді. Өз қызығының соңын сапысоқты қылған әйел шыңғырып жіберді. Дауыс түнгі ауада көкке жаңғырықты. Ашты дауыстан дүрлігіп кеткен күзет қарауылдары дереу жеткенімен, биліктің ишәрәтінсіз өзге қимылға бара алмай, тұрақ алдында жиналды. Сөйтті де бір сойқанды тудырғанына күмәнмен қарап, бет ـ бағдарсыз тырақайлап жүрген естанді абысынбасының Еркегін ұстап алып келді. Аралық ұзатпай әйел де тұрақтан шықты. Күзет қарауылдары әйелдің дудыраған шашы мен ретсіз тұрқына таң қалысса да, бас иелерінің амандығына қуанысты.
Тосын шешімінің соңынан бір жаңалықты тапқандай жүзі жайдарлана қалды әйелдің. Айдың аппақ сәулесі сөгілмесе де, елдің ұйқысы дерлік ашылып кеткенін көріп, көп бөгелуге шыдамы таусылған абысынбасы :
ـــ қосын дереу жиналсын! ـــ деп әмір берілді. Қатал бұйрығының екі қайталанбайтынына сенген ол өзін түзеудің қамында билік тұрағына келді. Арнаулы даярланған даяшылары иелерінің қас ـ қабағына дейін қимылдатпай ـ ақ лыпылдайды. Бар әзірлікті қағыс қалтыруға дәттері қалай жетсін. Әйел өз қаһарын жинап, қосынға қиын әрі қатал бұйрық түсірді. Өзінің абысын ішінің қолы дуалы емшісін шақырып, жұмыстың епті әрі тыңғылықты бітуін тапсырды.
Бұрын мұндай өрескелдікке бармаған иелерінің аяқ ـ астынан жасаған шешіміне алғаш тосырқаса да, көнбеске шара қайсы. Айтқандай ـ ақ, бір Жұмада абысынбасының озынен тартып бүкіл қосынға ота жасалып, тегіс дайындыққа көшкен. Иелерінің соңғы мақсатын ұғынуға жан баласы тықыршулы.
Бір Жұмадан соң, таң белгі бере барлық қосын бұйрықтың қабағымен сақадай сайланып дайын тұрды. Жорыққа шығар шақта, жан біткеннің көкейінде өткенде өздерін қанға малған, ойсырата жеңген, сиқырлы жебе тартқан сүркейлі жау алдындағы опат қайталай елес берген. Ақыры қосын жүзін шығысқа қаратып сап түзеген. Абысынбасы қарағай бұтағының шоғына қыздырылған жебенің ұшын күн шығар көкжиектегі қызғылт сәуленің шоғырына бағыттай отырып, ұртына су толтырып, қызған жебеден өткізе қалың қосынға қаратып бүркіп қалды. Бұл режім үш рет қайталанды. Күтпеген қимылдан тітіркеніп қалған қосынды сол қалпынан айнытпай сөзге бұрды :
ـــ қолдарыңдағы киелі жебе ـــ алда сендердің құтқарушыларың! біз осыған сенгенде барлық арманымыз орындалатын болады, ـــ шығар күннің Нұрына жүздері бояла бастаған қалың қол ештеңенің нышанын білмесе де, тек көктен келген иелерінің бір құдыретіне ғана сеніп тұр, ـــ алдағы жерде осы жебемен кешегі өлгендердің кегін, бұдан соңғы күндердің жалғасын табатын боламыз! қазір сендер қолдарыңдағы жебемен алдағы нысананы сынақ етесіңдер! ـــ әмірді екі еткізбей, бәрі де садаққа жармасқан. Алдарына қадаған қарауылды тегіс нысанаға алғаны сол, бар садақтың адырнасы тең керілді. Таңғы ауадағы адырнадан мөңіреген дыбыс та тұнық қалықтап көкке ұшып жатты. Берілген бұйрық бойынша босанған жебелер құйрығынан сусылдақ жалын шаша көкжиек бетіндегі қарауылға жабал шаншылды.
ـــ күтпеген сәт! ـــ кеудесін күдік жайлаған абысынбасы да, түңкелі қол да жадырап салды. Күннің шашқан шуағынан жүздеріне ұялаған қуаныш пен сенімнің ұшқыны оларды алдағы жорыққа тезден жатылдырып, тезден жетеледі.
Жорық басталып, қырғын өрті қаптады. Абысынбасының күннің шұғыласы сіңген шашы да, жүзі де нарттай жайнап, жауының жүрегін шайлықтырған. Көзі аспан теңізіндей толқыған ол абысындарының қанды кегін алып, шерін тарқатқан болды. Кей тұста жебелерін жаңбырша жаудырды. Алдыңғы жолғыдай емес, жауған жебенің қырғыны қарсы топқа тиімсіз келген. Көп кешікпей, жекпе ـ жек басталып кетті. Абысындар ат тұяғының дүрсіліне жауының жүрегі жарылып өлді.
ـــ мені өлтірдің! ـــ абысынбасының ту сыртынан шыққан таныс дауыс. Баяғы тұтқынның қарлығып, қыстығып шыққан халы осы еді.
ـــ саған өмір сыйлаған менмін! болмағанда, сүйегің жау жерінде қалар еді.
ـــ сен мені алдапсың! ـــ тұтқын өзінің садақ өнеріне айнымай тартқан мынау абысындар тобының бүгінгі екпінін мүлде ойламаған болатын. Абысынбасының осынша құпиялықтың бірін сездірмей артынан Іле жеткеніне, өзін сатқын есептеп, өз елінің сатқыны ретінде көрінгеніне қан жұтқан еді, ـــ сен менің өнерімді ұрлап пайдаланғаныңа арландым, өзімнің сатқын атанғаныма арландым! ـــ қолындағы қылыш жалаңының Қайрауы соншалық, аш кеңірдегін көз Ілестірмей, тіпті тұтқынның өзі де сезбегендей орып өтті. Топты абысын алдында қорқырап жатқан Еркектің басы кеңірдектен ытқыған қанға көмілді.
Ірге Бекемдігінің масат шексіздігі сондай, енді бұларға тең келер жер үстінің жауы қалмаған. Абысындарының кегі қайтып, жаусыз, қамсыз қалған тұсында, абысынбасы өз ақылынан адаса жаздаған ісіне, көк сыйға тартқан өз жұптасына қастандық істемек болған суық райына бола көк тәңіріне сыйына кешірім өтінді. Алдыңғы жолғы әбестігінен ұялып, шайқастан қайтқан ол қуанышты түрде әйелдік зәруетін қандыра сусындады. Неше күннен бергі бел жазған жан рақаты да осы болатын. Бірақ, , неге екені белгісіз, жұптасы абысынбасының сіңәремшегіне қолын апармағанын сезбеген.
*** *** ***
Сарылып жауған күннің соңы бір сәтке сергіп, көтеріліп тоқтапты. Көше бойлап келе жатып, жол тұмсығын оңға қайырып, үйге тура тартқан тұста, еңіреп жүрген сәбиді көзіміз шалды. Екі жастар шамасында, «Тәтелегеннен» өзге тіл жоқ. Қайдан келгенін, қайда барарын айта алмайды. Әкесінен, не шешесінен адасып қалғаны білінеді. Қолындағы сұйықтық құйған құмырасының еміздігін анда ـ санда сорғылап қояды. Қарны да ашып қалған. Бұл менің қиялымдағы әңгімедегі сіңәремшектің қолдан жасалған түрі екенін көрдім. Менің сіңәремшек туралы әңгімем осылай ақырласатын болды.
ـــ не қиялдап тұрсың? мынаған қарасаң етті, ـــ назарымды оның сөзі болды. Мен танысыма айтқан абысындар туралы әңгіменің соңын бұлай аяқтатарымды еш ойламаған едім. Оның сөзіне оралдым, ـــ үйге ала кетіп, жағдайын жақсылайық. Бұтына да жіберіп қойыпты, су екен. Сосын өзгелерге хабар берейік, ـــ ата ـ анасы табылар деген үмітпен алғашқы қарда адасқан баланы көтеріп үйге келдік.
Қардың жауғаны тоқтап, төңірек көтеріліп, айығып ашылған шақ. Менің кеудемде қалған әңгіменің ақыры осылай болды. Әулиешөқысі бар Үйсінтау да манағы боз мұнардан айығып ـ сөгілген тұнық ауада еңсесін жазып, сіңәремшегін тарихқа берген абысынбасы секілді асқақ, биік көрінді маған.
дайындаған: Бұлғын Сусар