11 бағдарламаға қатысқан ол соңғысына — финалға өтпеді деп хабарлады 365info.kz
Қорытынды кезең алдында тележобаға қатысушылар екі әннен ән салды.
Қорытынды кезеңге шығушыларды «Геликон-опера» Мәскеу музыка театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Дмитрий Бертман, румынның опера әншісі Нелли Миричою, бельгиялық опера артисі, тенор Аксель Эйверарт, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, сопрано Марина Мещерякова іріктеді.
Оркестрдің сүйемелдеуімен Сүндет Байғожин Дж. Россинидің «Севильский цирюльник» операсындағы Фигаро каватинасын (Largo al factotum…) және Туликовтың Родина әнін орындады.
«Мен елімді қатты сағындым. Қазақ әндерін іздей бастадым, домбырадағы күйді, Ескендік хасанғалиевті, оның Атамекенін тыңдағым келеді.Мен Торғай облысы, Амангелді ауданы, Байғабыл ауданында дүниеге келгенмін. Бұл — менің туған жерім.
Мен әрдайым Қазақстанды мәдениет болсын, басқа жағынан болсын абыроймен танытуға тырысамын. Өз еліме деген шексіз сүйіспеншілік пен махаббатты бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл өте биік нәрсе» деді сахна алдына шығар сөзінде Сүндет Байғабылов.
,