Кейде әлемде тұрғындар мен ғалымдардың санасын мазалайтын түсініксіз заттар болып тұрады. Миллиондаған адам табиғаттағы тылсым оқиғалардың жауабын білу үшін барлығын беруге дайын.
«Wow!» сигналы
«Wow!» сигналы немесе ресми түрде «Ого-го!». 1977 жылы Джерри Эйманның (Jerry R. Ehman) SETI (жерден тыс өркендеуді іздейтін жобалардың жалпы атауы ) жобасының аясында тіркеген радиосигналы.
Ғалым белгілерді қызыл қарындашпен қоршап, жанына «Wоw!» деп жазған. Ғалым таңданысын жасырмады. Өйткені, сигналдың сипаттамалары жерден тыс өркендеудің теориялық сигналдарымен нақты сәйкес болған.
Өкінішке орай, сигнал қайталанбаған. Астрономдардың пайымдауынша, сигналдың көзі 266P/Christensen мен P/2008 Y2 кометаларының ядроларын қоршаған сутегі. Алайда бұл болжамды да тестілеуден өткізу қажет.
Өрістегі шеңберлер

Тарихтың тағы бір жұмбағы – өрістегі өсімдіктердің әсерінен пайда болған түрлі фигуралар. Суреттер өте әдемі салынған әрі тұтас бір пиктограммаларды білдіреді. Әлемде осындай 9000-дай шеңбер бар, оның 90 пайызы –Англияда.
1991 жылы британдық Дэйв Чорли мен Даг Бауэр жіп пен таяқтың көмегімен жүздеген шеңбер жасағандарын мойындады. Қазір олардың ізін жалғастырушылар көп. Құпия ашылған сияқты. Бірақ, XIX ғасырдағы шеңберлер жайлы не айтамыз? Мысалы, олар жайлы бірінші ресми мәлімет 1678 жылы «Дьявол-косарь» кітапшасында шыққан.
Фигуралардың шығу тегі өсімдіктерден болатын кішкене дауылдан деген болжам бар. Бұндай дауылдар Ұлыбританияның таулы аймақтарында көп кездеседі.
«Мария Целеста» жоғалған кеме экипажы

1872 жылы Гибралтардан 400 шақырым жерде желкенді кеме табылған. Кеме бортында бірде-бір адам болмапты. Заттар, су мен керек-жарақтар қаз-қалпында тұрған.
Басты болжамға сенсек, апаттың басты себебі спирт құйылған бөшкелердің герметикалық болмауында. Жабық кеңістікте спирт булары жарылып кеткен. Кезекті жарылыстан қорыққан капитан, уақытша экипажға кемемен трос арқылы байланысып тұрған қайыққа мініп, қауіпсіз арақашықтыққа жүзуді бұйырған. Кемеден қайыққа отыру процесінде адамдар арасында дау-дамай болған көрінеді. Барлығы қайыққа отырған сәтте, желдің бағыты өзгеріп, кеменің желкенін ауаға толтырады. Кеме жылдамдық ала бастайды. Адамдарға толы қайық өз орнында қалған. Кеме мен қайықты байланыстырып тұрған трос үзіліп кетеді. Дауыл адамдар отырған қайықтарды батырып тастайды.
Роанок колониясының ғайып болуы

Роанок колониясы І Елизавета королева кезінде, Солтүстік Америкада ағылшынның тұрақты қоныстарының алғашқыларының бірі болып құралған. Оның ішінде 90 еркек, 17 әйел мен 11 бала болған.
Ағашқа «кроатоан» сөзін жазып, колония ізім-ғайым жоқ болып кеткен. «Кроатоан» -сол жерді мекен еткен үнді тайпаларының бірінің атауы.
Ең логикалық болжамға сай, колония адамдары жабайы жерлерде қалай тіршілік ету керектігін жақсы білетін аборигендермен танысқан. Сондықтан, кроатоандықтарға қосылуды жөн санаған. Басқа деректерге сенсек, колония адамдарын жергілікті тайпалар немесе испандықтар тұтқынға алған.
Тунгусстық метеориттің құлауы

1908 жылы 30 шілдеде орталық Сібірдің аспанынан жалындаған дене ұшып өткен. Оның ұшуы көптеген ауылдарда байқалып, найзағай тектес дауыстар естіліпті. Кейін ол жарылып кеткен. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, әлемдегі барлық обсерваториялар жарылыс толқынын тіркеген. 2000 шаршы км жердегі ағаштар құлап, эпицентрден жүздеген километр қашықтықтағы терезелер сынған.
Жарылыс алдында 3 күн бұрын, Еуропа мен Сібірде ерекше атмосфералық құбылыстар байқалған: күміс түстес бұлтар, жарық түн. Бірақ, бірде-бір экспедиция метеорит қалдықтарын таппады.
Негізгі болжамдарға сәйкес, жерге мұзды метеорит немесе атмосферада сынып, мұздан тұратын комета ядросы соқтығысқан. Бұл электроэнергияны сымсыз тарататын Тесла эксперименті деген де болжам бар.
Майкл Боутрайттың біртүрлі оқиғасы

2013 жылы 61 жастағы Флорида тұрғыны Майкл Боутрайт ес-түссіз күйінде табылған. Оның құжаттары кім екенін анықтауға көмектескен, бірақ, Майкл есін жиған кезде, айнадан өзін танымаған. Ол швед тілінде сөйлеп, өзін Иохан Эк атты шведпін деп санаған. Ол есте сақтау қабілетін жоғалтып, ағылшын тілінде сөйлеуді ұмытқан. Көбісі Майклға күмәндана қарап, ағылшын тілін білетіндігін жасырып жүр деген ойда болады. Бірақ, Боутрайтты ұстау ешкімнің қолынан келмеді. Айта кетерлік жәйт, ол бұрын да аздап швед тілін білген, бірақ амнезиядан кейін, тіптен, таза сөйлейтін болған. Боутрайттың күйі –диссоциативтік фуга – адам атын, өзі жайлы барлық ақпаратты кенеттен ұмытып қалатын ауру. Бұндай аурулар басқа жерге көшіп, басқа есім мен биографиясын ойлап тауып, өздерінің ауру екендерін білмей өмір сүреді. Ауруға себеп болатын –психикалық жағдай . Фуганың қорғаныс сипаты бар, себебі ол ауыратын адамның проблемаларын ұмыттырады. Бірақ Майклдың швед тілін қайдан жаттап алғаны белгісіз...
Вашингтондық карусель

НЛО-ны байқаудағы ең жақсы құжаттандырылған жағдай болып саналады. 1952 жылдың 19 шілдесінде Вашингтондық әуежайдың радары аласапыран ұшып жүрген 7 объектті байқаған. Олар сағатына 2000 шақырым жылдамдықпен қимылдаған. Мемлекет басшылығы оларға қарсы топты жіберген. Олардың жақындаған сәтінде, НЛО көзден таса болып, олар кеткен кезде қайта оралған.
Кратер

Кратер 1949 жылы Сібірде табылған. Жергілікті тұрғындар оны «жалынды қыранның ұясы» деп атайды. Сыртқы келбеті мен көлеміне қарай ол метеорит соқтығысынан пайда болатын айдағы кратерді еске салады. Ұзындығы -40м. Бұл кратер жанартау болуы да мүмкін, бірақ лаваның белгілері жоқ.
Дятлов тобының өлім құпиясы

Тарихта ең көп талқыға түскен оқиғалардың бірі. Ол 1959 жылы КСРО-да, қыста орын алған. Тәжірибелі туристтерден тұратын топ таудың басында түнеп жатқан кезде, белгісіз себептермен, жататын орындарын ішінен кесіп, асығыс шығып кеткен. Адамдар жылы киімдерін, тіпті, аяқ киімдерін киместен 1500 метрлік жерден төмен түсіп, мерт болған. Топтағы бірнеше адам ауыр жарақаттанған. Болжамдар: көшкін салдары, топтағы ұрыс-керіс, құпиялы қарудың тексерілуі немесе жергілікті тұрғындармен ұрыс-керіс. Бірақ, болжамдарды дәлелдейтін заттар табылмады.
Дереккөз: www.adme.ru