Youtube-та адам өлген кезде денесінің қалай өзгеретіні жайлы видео пайда болды
Ғалымдардың есебінше адам жаратылысынан бастап, 100,8 млрд адам қайтыс болған, жыл сайын бұл цифр 0,8 %-ға өсіп отырады. Бұл осындай қарқынмен жалғаса берсе, адам жерлеуге орын қалады ма деген сұрақтың туындауына әкелді.
Ютуб видеода адамдардың өлгеннен кейінгі денесінің қалай өзгеретіні жайлы көрсетілген. Адам қайтыс болғаннан кейін оның температурасы айналасын қоршаған заттарға дейін төмендейді. Одан кейін жәндіктер мен микроағзалар дененің бұзылуына ат салысады. Дененің қай уақытқа дейін толығымен жоғалып кететіні топырақтың қышқылдығына байланысты, – дейді мамандар.
Ғалымдар 1035 жылы Нью-Йорк сияқты ірі қалаларда зиратқа орын қалмай қалуы мүмкін деп болжайды, сондықтан мамандар жерлеудің басқа да әдістерін ұсынып жатыр. Микроағзалар өліктің тезірек шіруіне көмектесетін биологиялық табыт пен көп қабатты үй іспеттес құрылғы жайлы әдістерді ұсынуда.