Индонезиядағы Гили аралында ұрыларды ел алдында жүргізіп, масқаралайды

/uploads/thumbnail/20170709190345546_small.jpg

Өткен аптада екі белгісіз батыстық туристердің Индонезия аралдарында ұрлық істегендері үшін айыпталып, «масқара» деп аталатын шеруде жұрт алдында жүріп өтті.

Суретте Гили Траванган аралында күштік құрылымдарының жетектеуімен мойнына қағаз асынған шетелдік әйел мен ер адам.

Ол қағазда: «Мен ұрымын. Менің істегенімді қайталамаңдар!» деп жазылған.

Бұл Гили аралдарында көп жылдан бері қолданылып жүрген тәжірибе болғанымен, оның нақты неден шыққаны анық емес.

Әлеуметтік желілерде бұл суреттер пайда болған соң, Facebook беттерінде бұл ерекше салт жайлы айтып беруін көптеген  адамдар сұрап, қызығушылық танытты.

Батыс Шағын Зонд аралдары провинциясының туризм кеңсесінің бастығы Лалу Мұхаммад Фаузал BBC-ге берген сұхбатында: "жергілікті тұрғындар мен полицейлердің келісімімен болған шеру қылмыс жасаушыларға үлгі болсын деген ниетпен жасалады", – деді.

Мұндай жүрістердің көбісі Гили Травангандағы ірі  және дамыған үш аралда, Балиден шығысқа қарай 40 шақырым болатын Ломбок жағалауында болып тұрады.

«Мұндай шерулер нәтижелі болып келеді. Өйткені аралдарда қылмыс саны аз және шерудегі адамдардың көбісі жергілікті тұрғындар, кейде ақшалары таусылып, ұрлауға мәжбүр болатын туристер де бар», – дейді Фаузал.

Аударған Шайхы Марал

Қатысты Мақалалар