Цюрих қаласының Ислам орталығында белгісіз ер адам ғибадат жасап жатқан адамдарды атқан деп хабарлайды АТS агенттігі. Онда 10 адам болған. Ғибадат жасағандардың көбі Солтүстік Африка, Сомали және Эритреи елдерінен келгендер. 30, 35 және 56 жастағы үш ер адамға оқ тиіп, ауыр жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті құқыққорғау органдарының мәліметінше, шабуыл жергілікті уақыт бойынша 17.30 болған. Қазір полиция оқиға орнынан қашып кеткен адамды іздестіріп жатыр.
Куәгерлердің айтуы бойынша, қаскүнем жақын жерде орналасқан орталық темір жол вокзалына қарай беттеген.
Шабуыл болған Ислам орталығы көбіне мешіт ретінде пайдаланылады. Айгассе көшесінде орналасқан Ислам орталығы қоршауға алынды.
Куәгерлердің айтуынша, шабуыл жасаған ер адамның жасы 30-дарда. Ол қара түсті киімде болған. Басына тоқылған малақай киген.
Ислам орталығынан бірнеше метрде өлі адамның денесі табылған. Ол атыс кезінде қайтыс боғаны немесе басқа жағдайда көз жұмғаны тексеріліп жатыр.
Шабуылдың мақсаты әлі белгісіз.
Швейцарияда 8 миллион адам тұрады. Оның 450 мыңы мұсылмандар.