Петропавлдағы мұз айдынының шатыры құлады

/uploads/thumbnail/20170709190445157_small.jpg

Шатыр құлаған кезде мұз айдынының ішінде ешкім болмаған деп хабарлайды informburo.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.

Жабық мұз айдыны 19-шағын аудандағы көп қабатты үйлердің аулаларының бірінде орналасқан. Жергілікті тұрғындардың көп барып, ойнайтын жері болған. Апаттық жағдай түскі уақытта болған, ол кезде мұз айдынының ішінде ешбір жан болмаған. Солтүстік Қазақстанның ТЖК хабарлағандай, апат жайлы сигнал 13:30-да келіп түскен.

«Мұз айдыны жұмыс жасап тұрғанына қарамастан, апат болған кезде айдында ешкім болмаған. Бақытымызға орай, жапа шеккен жандар жоқ», - деп мәлімдеді баспасөз басшысы Евгений Журавлев.

Оның айтуынша, мұз айдынының шатыры металлдан жасалған.

«Қазір апаттың себебі  анықталып жатыр», - қоса кетті Евгений Журавлев.

Мұз айдыны 2014 жылы демеушілердің көмегі арқылы салынған екен.

Қатысты Мақалалар