Аққұм ауылында қауіпті індет өршіп тұр

/uploads/thumbnail/20170709190548921_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылының тұрғындары жаппай  «лейшманиоз» ауруына  шалдықты. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше аталмыш індет 88 елде кездеседі. Оның 72 дамып келе жатқан елдер болса, 13 ең кедей мемлекеттерде кездеседі.  

Оның 17 түрі бар.  Жараның денеден кетуі үшін 7 айға дейін уақыт қажет. Бірақ, жара орнында тыртық қалады.

Бұл індетпен Аққұм ауылының тұрғындары бірнеше жыл бойы күресіп келеді. Еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін лейшманиоз ауруына шалдығады екен. Аққұм ауылында аталмыш ауру алғаш рет 1980 жылы тіркелген. Сол жылы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, ауру сап тиылған. Алайда, 1996 жылы лейшманиоз қайта пайда болған. Қазір ауыл тұрғындары індетпен қалай күресу керек екенін білмейді. «Дәрігерлердің жазып берген дәрілері көмектеспейді» дейді олар.

Отырар ауданының санитарлы эпидимиологиялық қызметі аурудың шыққан ошағын анықтап, қажетті шаралар қолданатынын айтады. 

Қатысты Мақалалар