Жақында ғана Шымкентте облыстық прокуратураның алдында 46 жастағы Нұркен Айнабеков наразылық ретінде өз-өзін өртеп жіберген болатын. Нұркен Айнабеков оған дейін Шымкентте брифинг өткізіп, жеке құрылыс фирмасының қалада әлеуметтік нысанды салғанын, ол үшін жергілікті биліктен тиісті қаржысын ала алмай отырғанына шағымданған екен.