Қытайлық азамат 25 жыл бойы әскери гранатамен жаңғақ шағып келген

/uploads/thumbnail/20170709191249262_small.jpg

Шэньси провинциясының Анканг қаласында 25 жыл бойы қол гранатасын жаңғақ шағуға қолданып келген.

Тұрмысқа қолданып жүрген құралы қауіпті қару екенін білмеген, тек соған ұқсас граната бейнеленген парақшаны полицейлер таратып жүргенін көргенде ғана өзінің құралы қаншалықты қауіпті болғанын білген, деп хабарлайды Daily Mail.

Анықталғаннан кейін ол кісі гранатаны құқық қорғау органдарына табыстайды. Ол граната 25 жыл бұрын ескі досының сыйлығы болғанын айтып берді. Досының да бұл құралдың граната екенінен хабары болмағанға ұқсайды. Полицейлер гранатаның жарылып кетпегеніне таң қалды. Гранатаның ішінде заряды жоқ деген тоқтамға келді.

Интернет қолданушылары бұл оқиғаның арты қайғылы жағдайға ұласпағанына қуанып, қару сыйлаған ескі досының адал ниетіне күмән келтірді.

Қатысты Мақалалар