Иман қалмай, иба қалмай адамда
От боп тұрған, өрт боп тұрған заманда
Оу, Раббым! Қазағымды сақтай гөр,
Қол жайғызба қайырсыз бен жаманға!
Жүрсек-тағы талай отқа жанып біз
Емеспіз ғой пәтуасыз, парықсыз.
«Елім-ай» деп екінші рет зарлатпа,
Әлі есі кірмей жүрген халықпыз.
Өзің оңда, әйтпесе біз оңбаймыз,
Жат мейрамды «Жаңа жыл» деп тойлаймыз.
Ұйқымыздан ояна алмай жүргесін
Аяз-ата әулие деп ойлаймыз.
Оу, Раббым! Кітабым бар, ол – Құран,
Ата-дәстүр – сарқылмайтын мол мұрам.
«Ел иесі – тек қазақ» деп, апыр-ай
Қашан ғана күмбірлейді домбырам.
Мырзан Кенжебай.
26 желтоқсан, 2016 жыл