Мың бір түн: Ресей империясының жезөкшелері

/uploads/thumbnail/20170709191250825_small.jpg

«Өткені жоқ, ары таза, алайда ешқандай қаржысы жоқ қыз 200 рубль қарызға беретін адамға барын береді» деген мазмұндағы хабарландырулар XX ғасырда Петербургтік баспасөзде жиі шығатын. Ол заңды кәсіп түрі ретінде саналды.

Ресейде  XVIII ғасырға дейін жезөкшелікке тиым салынған. Бірақ, Елизавета Петровнаның басқаруы кезінде Петербургте алғашқы жеңіл жүрісті қыздардың орталығы пайда болды. Оны байлардың сарайында, неміс әйел негізін қалады. Ол жерге бір қызды алдап алып келгеннен кейін ол шағым түсіріп, орталықты жапқан.

Аталмыш үйлерді тек полицияның рұқсатымен ғана ашуға болатын. Сонымен қатар, жұмысқа 16 жасқа жетпеген және 60 аспайтын әйел алуға рұқсат етілмейді. Ал жұмыс берушінің жасы 30-дан төмен емес болуы керек. Тұтынушыларды жексенбі күндері және мейрамдарда қабылдауға рұқсат етілмейді.

Полицияның тағы бір міндеті жеңіл жүрісті қыздарды ұстап, тіркеуге қойып, медициналық тексеруден өткізу. Ол үшін көптеген ірі қалаларда арнайы дәрігерлік полиция комитеті құрылған. Аталмыш кәсіп иелері бір аптада екі мәрте тексеруге келуі керек болған. Әйелдердің құжаттары тартып алынып, оның орнына сары билет берген. Ол әйелдердің өз денесін саудалайтынын айғақтайтын және олардың құқықтарын шектейтін. Бұл мейірімсіз қожайын әйелдердің өз қол астындағыларға қатысты қатігездік әрекеттерін күшейте түсті. Оларға киім мен басқа да қажетті заттарды үш есе ақшамен сатқан. Жеңіл жүрісті әйелдер соңына қарай тек тамақ үшін жұмыс істейтін дәрежеге жетеді.

Сары билетті қыздардың арасында өте білімділері болған. Бірақ негізгі бөлігі қарапайым отбасынан шыққан. Ресейдің статистикалық мәліметтеріне сай 1889 жылы жезөкшелікпен айналысатындардың 70% кедей отбасынан. 13,7%  орта деңгейдегі және 0,7% бай отбасынан шыққандар. Қалғандары жөнінде ақпарат жоқ.

Қалалық жәрмеңкелерде балаларына жаңа киім алу үшін күйеулері өз әйелдерін саудалаған.  Жұмыссыздық қысқарып, орта жалақы деңгейі жоғарылағанда жезөкшелік деңгейі де төмендеген.

 

XIX ғасырдағы баға

Петербург пен Мәскеудегі жеңілтек қыздардың орталығына баратындар 3-5 рублге дейін жұмсайтын. Үйге әкелу үшін 10-25 рубл, ал ауылды жерлерде 1-3, 1-5 және 3-10 рубль тұрған.

 

Ал кіші офицердің жалақысы – 35 рубль, мұғалімдікі – 25 рубль, фельдшердің айлығы – 40 рубль, зауытта жұмыс істейтіндердің жалақысы – 16 рубль болды.

 

Әйел жұмбақ болу керек

Жезөкшелердің үшінші түрі – "жұмбақ" деп аталады. Олар ешқандай дәрігерлік-полициялық пункте тіркелмейтін. Оларға сары билет берілмеді. Себебі жұмбақ жезөкшелер заңсыз жұмыс істеді. Көбіне онымен жас қыздар айналысатын.Олар көбіне соз ауруына шалдығатын. Ол тек адамның бет әлпетін құртып қана қоймай, өлімге әкелетін ауру түрі.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында жұмбақ жезөкшелік деңгейі жоғарылап кеткен. Мерез ауруы тез тарала бастады. 1910 жылы аталмыш ауруымен ауратын жезөкшелер саны 50% жеткен. Ал 4 жылдан кейін бұл көрсеткіш 76% дейін өскен.

 

 1917 жылы жеңіл жүрісті әйелдер де «адам ретінде» санала бастады. Жезөкшелікпен айналысуға заңды түрде тиым салынды.

Большевиктерді жұмыссыз қалғандарды қара еңбекке салды. Ал әскери коммунизм кезінде оларды атып тастаған. 

Дереккөз: moya-planeta.ru

Қатысты Мақалалар