Мәскеулік Кремльдің қарулар палатасында Александр Невскийге тиесілі дулыға сақталып келеді. Бәрі әдеттегіше көмкерілген: храм күмбезі формасындағы қызыл темір, алмаз, рубин, зүміреттермен көркемделген тастар. Кенет арабша жазу! Православтық князьдің дулығасы! Құранның 61-сүресінің 13-аяты: «Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Алла жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар. (Мұхаммед Ғ.С.) мүміндерді қуандыр».

Аңызға сүйенсек, Невскийдің дулығасы XVII ғасырда қайта өңдеуден өткізіліп, арнайы өзіне қайта жасатқан. Сарай адамы Никита Данилов қымбат тасты әшекейлермен толықтырған. Жаңадан өңделген бас киім « Патша Михаил Федоровичтің Ерихондық дулығасы» деген атау алады.
XX ғасырдың тарихшылары аңызға сенбей, дулығаның Александр Невскийге тиесілі екеніне күмән келтіреді. Олардың топшалауынша, «Ерихондық бас киім» Шығыста өңделген, бірақ Михаил Федоровичтің қолына кездейсоқ тап болады.
Дулығадағы арабша жазуды не себепті алдыртып тастамағаны жайлы ешкім нақты түсіндіре алмайды. Немқұрайлық па? Бұлай болуы екіталай. Білместіктен бе? Мүмкін емес. Хан сарайында араб каллиграфиясын білетін татарлар аз болған жоқ. Бір қызығы, арабтың өрме жазуы Иван Грозныйдың да дулығасында кездескен. Әрине, мұны жаудың қолынан түскен олжа деуге болады. Бірақ, білдей аты бар патша киілген дулыға киеді деп айту ақылға қонымсыз.