Қытайда әйелді емдейміз деп тірідей пісіріп тастаған

/uploads/thumbnail/20170709191841194_small.jpg

Қытайдың Сычуань өлкесінде өзін «маг» деп жариялаған екеу ауылдастарына көмек көрсетпекші болады. Әйел ұзақ жылдар ауырып жүрген. Жаңағы екі «емші» ауылдасына ішінде қайнаған суы бар ағаш бөшкенің ішінде отыруға кеңес береді. Өздері болса бөшкені отқа қойған да ақырындатып қайнатып отырған. Ритуал барысында әйел шыдамай қатты айғайлаған. Оны жан-жақтағылардың бәрі естіген. Бірақ екі «емші» бұл дауыс емделушінің емес, жындардың дауысы деп ритуалды тоқтатуға рұқсат бермеген. Бөшкеден шыққаннан кейін ол жан қиналысына шыдамай дәрігерлер келгенше сол жерде жан тапсырады. Бұл туралы «Лента.Ru» сайты қытайлық Chinanews.com порталына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Дереккөзде әлгі әйел нақты қандай дертке шалдыққаны айтылмайды. Ауылдастарының «емшімін» деген сөзіне сенген әйел амал жоқтан сондай әрекетке барған деседі. Жергілікті полиция адам өліміне себепші болған екі алаяқты темір торға қамады. Жақын арада оларға қатысты шешім де шығарылатын болады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар