Қарапайым мәскеулік оқушы Лева Федотованың ерекше қабілетінің жұмбағын шешуде журналистер, тарихшылар мен зерттеушілер бас қатырып келеді. Ол өзінің күнделігінде Ұлы Отан соғысының күнін айтып қана қоймай, соғыстың жүргізілу барысын сипаттап берген.
Жеткіншектің ақпаратты қайдан алғаны әлі де белгісіз... Лева Федотова 1923 жылы 10 қаңтарда дүниеге келді. Әкесі партия жұмысшысы Федор Каллистративич Федотова. Анасы Агриппина Николаевна мәскеулік театрлардың бірінде костюмер болып жұмыс жасайды.
Лева аурушаң болып өсті. Өте көп кітап оқитын. Өз ортасында көшбасшы болатын. Бірақ әлдебір трансқа кіріп, «басқа әлемге» еніп кететін. Және оның айтқандары шындықтан алшақ болмайтын.
1940 жылдан бастап Федотов күнделік жаза бастайды, ол естелігінде өз өмірін ғана баяндап қоймай, әлемдік масштабта не болатынын егжей-тегжейлі айтып береді. Өзінің бұл құпиясын Лева жақын адамдарынан да жасырын ұстайды.
Соғыс басталысымен алыстан нашар көретіні мен талма ауруына қарамастан жас бала майданға баруға өтініш білдіреді. Туладағы оқыту бөліміне жіберіледі. Бірақ Федотовқа ол жаққа жетуге бұйырмайды: 1943 жылы 25 маусым күні әскерге шақыртылған балаларды апара жатқан жүк көлігі Курсктегі жолда бомбаның астына түседі.
Біраз жыл өткен соң, Агриппина Николаевна Федотова ұлының қол жазуымен жазылған 15 дәптерді ұлының бала күніндегі досы, жазушы Михаил Коршуновқа табыстайды. Солай мәскеулік оқушы 40-жылдары қоғамдық дүмпу туғызады. Өйткені Лева ол кезде ешкім білмеген оқиғаларды алдын-ала білген еді!
1940 жылы 27 желтоқсанда Федотов жазбасында өзінің сыныптасымен дауласып қалғанын айтқан. Әңгіме ғарышқа ұшу жайында болған. Федотов сол кезде қалжыңдап, америкалықтар 1969 жылы Марсқа ұшатынын айтқан. Ол аздап қателеседі: 1969 жылы америкалықтар Марсқа емес, Айға ұшады.
1941 жылы 5 маусымда Лева күнделігінде былай деп жазады:
«Мен осы айдың екінші жартысында немесе шілде айының басында соғыс басталады деп ойлаймын, бірақ одан кеш емес. Әйтпесе германдықтар соғысты аязға дейін бітіріп тастауға тырысады...»
Күнделікті оқыған тарихшылар таң қалады: қатардағы оқушы Гитлердің «Барбаросса» жоспарының аса құпия тұстарын баяндап қана қоймай, оның жеңілуінің жай-жапсарын айтып береді. Ол, сондай-ақ, соғыстың жүргізілу барысын, антигитлерлік коалицияға қандай мемлекеттердің кіретінін де айтқан.
1941 жылы 21 маусымда Леваның күнделігінде келесі жазбалар пайда болған: «Енді осы айдың аяқталуымен, мен енді соғысты... барлық әлемге орнаған қайғыны күтемін...»
Қарапайым оқушыда халықаралық жағдайға байланысты мәліметтер қайдан пайда болған? Федотовқа құпия мұрағаттарға қол жеткізу мүмкін емес еді. Оған қоса, жеткіншек кішкентай жазумен күніне жүз беттен жазып отырған.
90-шы жылдардың соңында диггерлер Берсеневский жағалауында жер астынан қазылған үңгірлерде «Лева Федотов. Болашақтың тарихы» деген жазу бар қалың қоңыр дәптердің табылғандығы жайлы аңыз бар. Ол жерде біздің күндерге дейін не болатыны жайлы жазылған деп айтылып жүр. Сонымен қатар, XXI ғасырдың басында АҚШ президенті қара нәсілді адам болатыны және оның басқаруы әлемді төңкеретін экономикалық және саяси катаклизмаларға әкелетіні жайлы деректер бар деп айтылып жүр. Оның тұспалдауы ЦЕРН және Үлкен адрондық коллайдер жайлы екені белгілі. Осы жүзжылдыққа дейін «Болашақтың тарихының» авторы ғаламшарды бір ғана үкімет басқаратынын, ал мемлекет аралығындағы шекаралар шартты түрде болатынын айтқан.
Құпия дәптердің тарихы өсек-аяң болуы да мүмкін. Қалай болған күннің өзінде Лева Федотов болжамдарының құпиясын өзімен бірге ала кетті.