Көптеген Африкалық елдер ежелден келе жатқан дәстүрлерді әлі күнге дейін ұстанады. Адам өлтіру африкалықтардың күнделікті өмірінің бір бөлшегі. Ең қорқыныштысы тәуіптер мен бақсылардың құрбаны көбіне балалар болады. Билік мұнымен барынша күрессе де нәтиже шығар емес.
Альбиностарды аңду
Альбиностардың (Ағзадағы пигменттер жүйесінің ауруы) Африкада жүруі қауіпті. Себебі Орталық Африкада альбиностардың дүниеге келуін жаман ырымға балайды. Бірақ қара нәсілділердің түсінігінде сиқыр арқылы олардың ағзаларынан тұмар дайындауға болады. Жыныс мүшесінен жасалған тұмарлар ерекше сұранысқа ие. Олар Кения, Конго және Танзанияда өте жақсы өтеді. Оған СПИД-тің кең етек жайылуы себеп. Кептірілген сыртқы жыныс ағзаларынан жасалған тұмар адамды қатерлі аурудан құтқарады деген түсінік бар.
Альбиностардың ағзасымен саудалап жүрген адамдар ұзақ уақыт бойы жазаланбады. Олардың құрбандарын хабар ошарсыз кетті деп қана хабарлаған. Аталмыш қылмысқа қатысты үкім алғаш рет 2009 жылы Танзанияда шығарылды. Қылмыскерлерді өлім жазасына кескен. Осыдан кейін олар өз құрбандарын өлтірмей қолдарын шауып алуды шығарған. Олар құқыққорғау органдарының қолына түссе де денеге жарақат салды деген айыппен 5 тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Өткен жылы Танзанияда 6 жасар баланың қолын кесіп алған. Шабуыл жасағандардың қатарында баланың әкесі де бар.
Альбинос балаларға арнап арнайы күзет интернаттарын салып жатыр. Алайда, әзірше нәтижесіз. Себебі күзетшілер кейде қылмыскерлерден пара алып, балаларды ұрлау үшін мекеме шекарасына кіруге жағдай жасаған.
Қарғыс атқан Кот д’Ивуар балалары
Жергілікті халық, анасы босанып жатқанда уақытта қайтыс болып кетсе оның баласын «қарғыс атқан» деп есептейді. Ол айналадағыларға жамандық әкеледі деп сенеді екен. Ондай балалардан дереу құтылуға асығады. Бұл мүгедек балаларға да қатысты. Физикалық кемшілік бірнеше жылдан кейін білінуі мүмкін. Мұндай жағдайда бейкүнә бала өлім жазасына кесіледі.
Көбінде оларды суға батырып жібереді немесе улайды екен. Ешкім ешқашан олардың адам қолынан өлтірілгенін айтпайды. Себебі жергілікті халық «Балалар туған ата-анасына оралды» деп түсінеді.
Билік қатігездікпен барынша күресіп жатыр. Алайда қылмыстық жауапкершілік ешкімді тоқтатып отырған жоқ. Ал қайырымдылық қорлары қоғам теріс айналған балаларды тек 15 жасына дейін ұстай алады. Одан кейін баланы қайта отбасына қайтаруға мәжбүр. Ал жергілікті халық міндетті түрде бірнеше жыл бұрын ойға алған ісін жүзеге асырады.
Бір сыңары өлуі керек
Мадагаскар тайпаларында егіз бала туылса барлық тұқымы құриды деген түсінік бар. Егіз қыз туылса автоматты түрде өлім жазасына кесіледі. Анасында өлтіреді. Себебі ол бүкіл ұрпаққа қауіп төндірді деп түсінеді. Қазір бақсылар жаза түрін жұмсартты. Енді егіздердің бір сыңарын тірі қалдыратын болды.
Нигерияда жағдай күрделірек. Егер егіздер уақыт өте келе бір-біріне ұқсамай кететін болса, біреуін өлтіру керек едеген түсінік орнаған. Сондықтан ата-аналар егіздерді бірдей киіндіріп, шаш үлгісін де бірдей жасаған. Егіздердің жандары бір деп есептелген. Егер олардың бірі қайтыс болса, екінші сыңары молаға сары гүл қойып, «мен саған сары гүл беремін, сен маған жарық сыйла» дейді екен. Бұл оны өлімнен құтқару үшін айтылады.
Сиқыршы балалар
Нигерияда заң түрінде сиқыр жасауға тыйым салынған. Магия жасағандарды көп жылға түрмеге тоғытады. Бірақ сиқыршылармен күрес шектен шығып жатады. Мәселен көзі тиді немесе сиқыр жасады деп ересектерді ғана емес, балаларды да айыптаған. Бірнеше жыл бұрын еуропалық еріктілер екі жасар баланы аштықтан сақтап қалды. Оны сиқыршы деп айыптап, үйінен қуып жіберген. Бала туыстарына қандай зиян келтіргені жұмбақ болып қалды. Үйінен қуылған балалардың бірі өз оқиғасын айтып берді. «Менің ата-анам қайтыс болды. Атам ауырып қалды. Әпкем осының барлығына мені кінәләп, мыстан деп атап үйінен қуып жіберді» дейді Киншасыдан келген Наоми. Мұнай жағдайлар өте көп кездеседі.
Бақыт үшін адамды құрбандыққа шалу
2013 жылдың көктемінде Humane Africa ұйымы «Угандадағы балалардың өлімі жайындағы» баяндамада адам шошырлық дәйектер келтірді. Соған сәйкес елде үнемі балаларды құрбандыққа шалатыны айтылды. Аптасына аз дегенде бір бала өлтіріледі екен. Бұл кәсіпке айналғандай. Балаларды құрбандыққа шалу жетістікке жеткізеді деп түсінген. Сонымен қатар осылайша рухтардың қолдауына ие боламын деп ойлаған. Бірнеше жыл бұрын Уганда астанасы Кампалада баланы тапсырыспен өлтірткен қалталы кәсіпкер өмір бойы бас бостандығынан айрылды. Баланың денесін жетістік алып келеді деген түсінікпен құрылыс жүріп жатқан аймаққа көмген.
Бұл бір ғана жағдай. Статистика жыл сайын аталмыш қылмыс өсіп жатқанын көрсетеді. Қылмыстың бұл түрімен күресетін арнайы полиция жасақталған. Бірақ рәсім туралы ешкім тіс жармайды. Полиция қызметкерлері де бақсылардан қорқады екен. Сонымен қатар белгілі бір қаржыға олар қылмысты «байқамай» қалуы да әбден мүмкін.
2008 жылғы зерттеуге сай, Уганда сұмдық салттары бар жағыз ел емес. Олар ОАР және Мозамбикте де бар. Көбіне 3 тен 18 жас аралығындағы балалар құрбан болады. Кейде екі қабат әйелдерді өлтіріп, ішіндегі баланы алады екен.
Африкалық сиқыршылар көп жағдай да өздері де құрбанға айналады. 2014 жылы Танзанияның бір ауылында 7 адам өлтірілген. Жергілікті халық оларды сиқыр жасады деп күдіктенген. Жыл сайын 500 бақсы көз жұмады. Бірақ олардың орнына жаңа сиқыршы келіп, істі ары қарай жалғастырады.
Дерек көз: lenta.ru