Анасымен арабша сөйлескен жігіттің басы бәлеге қалды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709192006317_small.jpg

Танымал американдық видеоблогер  Адам Салех (YouTube-та екі миллионнан астам жазылушысы бар) және оның серігі Delta Airlines авиакомпанияның Лондон - Нью-Йорк бағытындағы рейстен түсірілді деп хабарлайды Sun. Адамның анасымен арабша сөйлескені қасындағыларға ұнамай қалған. Орын алған оқыс жайтты блогер видеоға түсіріп та алған. Видеоны сосын өз Twitter-іне салыпты.

Адам видеода былай дейді: «Біз бар болғаны өзге тілде сөйлестік. Сол үшін бізді ұшақтан түсіріп жатыр. Өз көзіме өзім сене алар емеспін. Менің арабша сөйлегенім кімге ыңғайсыздық туғызды?»

Аталмыш видео ғаламторда тез таралып кетті. Оны бірнеше сағат көлемінде миллион адам тамашалап, 700 000 адам видеоның сілтемесімен бөліскен.
CBS арнасына сұхбат берген анасының тек арабша түсінетіндігін, сол себепті онымен араб тілінде тілдескенін айтып берді. Адам ұшаққа отырған сайын анасына қоңырау шалады екен. Delta Airlines авиакомпания былай деп ақталды: «Адам Салех айғайлап сөйледі, шу туғызды. Ол пассажирлерге ұнамады. Біз үшін пассажирлеріміздің жайлылығы мен қауіпсізігі бәрінен де қымбат. Ол болса ол ұстанымымызды бұзғысы келді»
 

 

Қатысты Мақалалар