Мен жәреукеден азатпын, бірақ, ол кездері үйсіз күйсіз кезім еді, Астанада АСТВ-да қырық адам қиқуласып «тіл» сөз болған жазықсыз бір жалада, қас қылғандай дымсыз қалдым. Сарылып сабылып әр шөптің басын шалдым...
... Ақшасыз адамнан дос-жаранда алыс екен, біразы кеткен... кісіліктің қадіріне сонда бір көзім жеткен...
... Тірі жан тісті бақамыз, мен әлі осындамын. Бірде қабақ шытып, бірде күлдім. Шым шытырық ойларға шыдас беріп, бір өзім бір қауым боп өмір сүрдім... шыққан күн батты, батқан күн қайта шықты.
... Нағыз достарым жырақта болса да жанымда... керексіз, қолдаусыз кейпімді мойындамадым. Қауқарым мол еді, сондықтан аса уайымдамадым. Жұмыс болсын деп көкседім, өзім Теле-ші болған соң көксегенді сол жақтан екшедім...
Таптым, тапқаным маған, мен оған зәру екенбіз. Жұмыстың болғанына мен, меженің толғанынан ол қуанды. Тігуін білген соң тізгінін берді, соңымнан баяғы өзімдей зәрулер ерді. Құдайдай шыным! Ұятқа қалмасқа күшімді салып оң жамбасыммен жапырдым, қиянатсыз құмын құйып, жұмысын суша сапырдым. ... тарысын түйдім, тақиясын кидім...
Ерген әлгі зәрулер біртіндеп жетілді, жүре жүріп, күле жүріп дос болдық. Үйрене жүріп, үйрете жүріп көңіліміз хош болдық... Ол айтты; «Бірінші Құдай, сосын сен» деді. Бір өтірік сезілді, бірақ, сенгіш көңіл тамшыларға езілді...
... Мен қатарласа жекелікке бұрылғанмын, баяғыдан өзбетімше ИП боп құрылғанмын. Кірпішке кірпіш жалғау себеп болды. Айлап жылдап кету керек болды. Екі кеме бір арнаға симаған соң теленің есігін жаптым, одан кеттім...
... кеткенде, кеткем жоқ, бірде жүйткіп, бірде самғап жүріп жоспарымнң сексеніне жеттім... Шүкір, шүкір еттім...
... Үш жылға қартайып қайта қол бергенде әлгі күлдіргі, күлкіші, мөлдір тамшылы достарым танымастай өзгерген. Айтпақшы, олардың бос белбеуін кетер кетпей көз көрген....
Бұл не? Силастық деген бір есіктен кіру ме дедім? Әлде мәңгі бірге жүру ме дедім? ... Мұнда сол мезеткі жәреуке күлкі жиркенішті шуыл болып қайта естілді... Бұған естіген құлақ жазықты. Өмір ғой, бұл қызықты сондайлардың еншісіне жазыпты... Мен азатпын!
... Өтті кетті! Ешкім жазаланбасын, адал достық алаланбасын деп мен міне осыны жаздым...
Мен Қас Жолымбет Әсемғазы Қапанұлы жылқы жылы шілде айының 29 жаңасында Қоянды қонысымда осы жазбаны хаттадым.
Қолымды қойдым, мөрімді бастым.
Әсемғазы Қапанұлының “Facebook” әлеуметтік желідегі парақшасынан.