Башқұрттар: Қазақтар, сендер өз тәуелсіздіктеріңнің қадірін білмейсіңдер!

/uploads/thumbnail/20170709192700770_small.jpg

Башқұрттар қазақтарға қарап нені армандайды?

Башқұртстаннан келген қонақ «Нұр-Астана» мешітінің алдына келіп тізерлей құлапты:

– Бақытты қазақтар! Бақытты Қазақстан! - деп айғай салғанда халық еріксіз назар аударған.

– Сендер үшін еш маңызы жоқ шығар, бірақ мен қызығамын. Сендердің өз мемлекеттерің бар, кез келген қаланың орталығынан мешіт сала аласыңдар, оған ешкім де тыйым салмайды. Сендер өте бақыттысыңдар, бірақ сол бақтарыңды бағаламайсыңдар, - деді ол.

– Өзіңді туған үйіңде жүргендей сезінген қандай керемет. Ағаңның үйі бар болса да жақсы. Біздің үйіміз – Қырым, бірақ ол біздің үйіміз емес, - деді қырымдық татар.

– Бүгін мен сендердің базарларыңа бардым. Адамдардың барлығы қазақша сөйлеп жүр. Мен оларға башқұрт тілінде түсіндірген едім, олар маған «сен ұйғырсың ба?» деді. Өз елің, өз жерің болған қандай жақсы, - деді екінші башқұрт адамы.

– Қазақтар аз дейсіңдер. Жоқ, сендер емес біз азбыз. Өз мемлекеттеріңді нығайтып, оны сақтап қалуға сендердің мүмкіндіктерің жетеді, ал біз бір орталыққа ғана бағынатын автономиямыз, - деді якут.

Ескішехирдегі ирандық әзірбайжан:

– Өз жерімізде туған ана тілімізде сабақ үйретуге бізге тыйым салады. Сендер үшін бұл мүмкін емес жағдай болар. Сонымен қатар біз түрікше сөйлесек, бізді мазақ қылып күледі.

Еуропалық ұйғыр:

– Қазақтар, сендердің өз елдерің болғандықтан өздеріңе сенімдісіңдер, ал мен кімге арқа сүйеймін? Сол себепті де мен барлығына өте сыпайы болуға тырысамын.

Түрік:

– Бөтен халықтың арасында өмір сүріп жүргеніңде бір күні картада тәуелсіз бес мемлекет пайда болады – бұл жағдайды көз алдыңа елестету қиын шығар. Алайда, сол кезде өзіңнің жалғыз емес екендігіңді түсінесің. Себебі, сендердің де өз мемлекеттерің бар!

Татар:

– Біздің санымыз аз, біз өзге ұлттың жерінде тұрамыз және де сендердің өз жерлерің бар болғандығына қатты қуанамыз. Себебі, бір қиыншылық туған жағдайда сендердің көмектеріңе жүгінеміз.

Елбасымыз - Нұрсұлтан Назарбаев:

– Кезінде көптеген американдық үндістер елден қуылып, кейбіреулері, тіпті, жаулаушылардың қолынан өлген еді. Үнділік бір кинорежиссерге «бақыт деген – байлық па?» деп сұрақ қойған еді. Ол: «Өзімнің және басқа азаматтардың қолындағы бар байлығын халқымның бір күндік болсын тәуелсіздігі үшін құрбан етер едім» деп жауап берген. Сол себепті де, өз тәуелсіздігіміздің қадірін білейік.

– Керей мен Жәнібек хандар 1465 жылы Қазақ хандығының іргесін қалаған және де Қазақ елінің тарихы сол заманнан бастау алады. Өзге ұлттар, бәлкім, ол заманда Қазақ елі мемлекет болмады деп түсінетін шығар. Алайда, сол ғасырдың барлық мемлекеттері де біздің еліміз секілді болған. Қазіргі таңда, бірнеше ғасырға жалғасқан өзге елдермен достығымызды сақтап тұрмыз. Бұл қарым-қатынасты құртып алмауымыз керек, - деп Нұрсұлтан Назарбаев ұлттарды бірлікке шақырды.

Авторы: Асқар Құмыран

Аударған: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар