Жапония билігі Оңтүстік Кореядағы өз елшісін уақытша қайта шақырып алды деп хабарлайды life.ru. Себебі Оңтүстік Кореяда 20 ғасырдың бірінші жартысында жапондық әскердің басқыншылық әрекеті кезінде сексуалды зорлық көрген әйелдерге арнап ескерткіш орнатылды. Оған қарсылық ретінде жапондық елшіні елге қайтарып алды. Ескерткіш Пусандағы жапондық мемлекеттік елшіліктің алдында орнатылды.
«Мұндай әрекеттер екі жақты қарым-қатынасқа жағымсыз әсер етеді. Біз уақытша Оңтүстік Кореядағы елшіміз Ясумасу Нагаминэді қайтарып алдық» дейді Жапонияның министрлер кабинетінің хатшысы Ёсихидэ Суга.
Ескерткіш 28 желтоқсанда ашылды. Дәл сол күні оны қайта алып тастауға тура келді. Себебі Пусан билігі ескерткішті орнатуға өз келісімдерін бермеген. 30 желтоқсанда белсенділер мэрияның келісімін алып, ескерткіш қайта орнатылды.