Қанат Ислам биыл Саул Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709193724770_small.JPG

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0, 18 КО) бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварестің (48-1-1, 34 КО) қарсыласы болуы мүмкін.

Fightnews.com сайты жазуынша, мұндай қауесет бокссүйер қауымның арасында таралып жатыр-мыс. Сол қауесетке сенсек, Альварес - Ислам жекпе-жек 6 мамырда Техастағы "Даллас Ковбойз" стадионында өтуі мүмкін делінеді. Арена 80 мың адамға арналған.

Альварес пен Ислам WBO белбеуіне таласуы мүмкін. Отандасымыз бұл ұйымның рейтингінде бесінші тұр.

Айта кетейік, 26 жастағы Альварес орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO белбеулерінің иесі қазақстандық Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) қарсыласы болуы мүмкін. 2017 жылы мексикалық GGG-ның салмақ дәрежесіне көтерілуді жоспарлап отыр.

Еске салсақ, Қанат Ислам өткен жылғы сұхбаттарының бірінде шаршы алаңда мексикалық боксшы, WBC тұжырымы бойынша 2015 жылғы бриллиант белдіктің иегері Саул Альвареспен жұдырықтасуды қалайтынын айтқан еді..

«Шын мықтымен айқасқанда ғана, өзіңнің мықтылығыңды дәлелдей аласың. Бокста жүргеніме талай жыл болды. Ол жасаған соққыны мен де жасаймын. Мен онымен кездесеміз деп ойлаймын және алдағы уақытта ол майдан болады деп сенемін»,- деген еді Қанат Ислам.

Қатысты Мақалалар