Аймақтағы ең ірі «Казфосфат» зауытында жойқын жарылыс болды деп хабарлайды 31.kz. Жараланғандар бар дейді куәгерлер. Бірақ әзірге оқыс оқиғаға байланысты ресми органдар мәлімдеме жасаған жоқ.
Жарылыс болған сәтте зауытта болған қызметкерлер химиялық қопарылыстан тіпті жер сілкінген. Оқиғадан опат болған немесе қанша адам жараланғаны туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Ішке тек жедел жәрдем көліктері ғана жіберілуде.