Адам құқығы жөніндегі еуропалық сот (АҚЕС) Швейцария билігінің жүзу сабағында мұсылман қыздарды ұлдармен бірге хауызға түсуге рұқсат бергені, оқушы қыздардың діни құқығын бұзбайды деген тоқтамға келді деп хабарлайды bbc.com.
Сот шағымды қарап, ел билігі мектеп бағдарламасының жүзеге асуын талап етуге толық құқығы бар деген қорытынды жасады.
Мұндай талапты діни сенімге нұқсан келтіру ретінде қабылдауға болады, бірақ айтарлықтай тәртіп бұзушылықтар орын алды деп айтуға келмейді дейді АҚЕС.
Швейцария парламентінің төменгі палатасы паранджаға тиым салды. Корсиктегі ата-аналар хиджаптағы мұсылмандарды балабақшаға жібермеген.
Соттың шешімінде швейцариялық билік заң аясында жұмыс істегені және оқушылардың оқшаулануын болдырмау керек деп жазылған.
Швейцарияның түрік екі азаматы шағым түсірген. Олар қыздарын міндеттелген жүзу сабағына жіберуден бас тартты.
Швейцария билігі жүзу сабақтарынан тек қыз баласы кәмелетке жасқа толғанда ғана бас тартуға болады деп мәлімдеді. Ал бұл жағдайда қыздар кәмелетке толмаған.
2010 жылы қыздарын жүзу сабақтарына жібермеген ата-аналарға 1,3 мың еуро айыппұл салынған. Осыдан кейін ата-аналар АҚЕС шағымданды.